18 қазанда Илья Ильиннің тағдыры шешілетін болды
2016 ж. 03 қазан
2534
4
Қазан айының 18 күні Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесі допинг қолданды деген айып тағылған қазақстандық спортшыларға - Илья Ильин, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедоваға нақты шешім шығарады деп хабарлайды NUR.KZ.
Қазан айының 18 күні Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесі допинг қолданды деген айып тағылған қазақстандық спортшыларға - Илья Ильинге, Мая Манезаға, Чиншанло мен Подобедоваға нақты шешім шығарады.
Сонымен қатар Омар Мұстафин егер ауыр атлетшілерге тағылған айыптың барлығы расталған болған жағдайда қандай жаза қолданылатыны жөнінде де айтты.
Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесінің құзыретіне сәйкес спортшылар жетістіктерінен айырылады немесе сол қалпында қалады. Егер комиссия шешімі көңіл көншітерлік болмаса, олар медальдерінен айырылады. Одан бөлек кеңес қосымша жазалау іс-шараларын қарастырмайды.