Әбдібеков Головкиннің боксын көруге кеткен кәсіпкерлерді жазаламақ
2016 ж. 20 қыркүйек
2445
2
Қарағанды облысының әкімі жұмысшыларына жалақы төлемейтін мекеме басшыларының баспанасын су мен жарықтан ажыратуды ұсынды.
Нұрмұхамбет Әбдібеков мұндай ақпаратты қайдан алғанын ашып айтпады. Десе де, жұмысшылары жеуге нан таба алмай отырғанда отбасымен шетел асатындар Қарағанды облысында жетерлік екен. Әбдібеков тіпті Еуропаға барып Головкиннің кездесуінде бөркін аспанға атып жүргендерін де көріпті. Сондықтан дүйсенбінің таңында қарамағаныдағыларды жинаған облыс басшысы шенеуніктерге тың идея айтты. Онысы өзіне де ұнаса керек. Енді соны қалай да іске асыруды тапсырды.
"Ойланыңыздар, заңгерлермен ақылдасыңыздар. Мен айтқандай жұмысшының коммуналдық қарызын жұмыс берушіге аударуды қарастырыңыздар. Сосын су мен жарығын қиып тастайық. Бірақ жарықты дизелді генератормен қосып алады. Суын өшіріп тастайық онда? Қысқасы, бірдеңе ойлап табыңдар", - дейді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.