Қарағандыда Геннадий Головкинге алтынан ескерткіш қоймақшы (фото)
2016 ж. 09 қыркүйек
2381
0
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге туған жері – Қарағанды облысының Майқұдық ауданында алтыннан мүсін орнатылуы мүмкін. Қазір мүсіншілер жобаны әзірлеп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазір екібастұздық мүсінші мүсіннің макетін жасап жатыр. Әзірге ол «боксшының басын» ермексазбен ғана дайындап қойды. Мүсіннің өзі адам бойынан бір жарым есе биік болады және алтын жалатылған бояумен боялады. Сондай-ақ спортшының жанкүйерлері тапсырыстың ақшасын төлеуге қаражат жинап жатыр.
«Мен, қалайда, бұл жұмысты аяғына дейін жеткіземін. Әдемі мүсін жасап, оған граниттен тұғыр қойып, жан-жағын абаттандырғым келеді. Мүсінді жасауға көп уақыт кетпейді. Бір ай ішінде аяқтай аламын. Бастысы, барлығын келісіп алу керек, яғни, қоятын орнын, құжаттарын келісу т.б. жұмыстарды реттеу керек», - дейді Гамал Сагиденов.
Қазір жанкүйерлер құжаттарын ресімдеп, мүсіннің қойылатын орнын келісіп жатыр. Егер идея қолдау тауып, жергілікті билік органдары бекітсе, онда мүсін «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінің алдындағы алаңға қойылады.