Жүзгіш Дмитрий Баландин Қазақстан құрамасына екінші алтын еншіледі
2016 ж. 11 тамыз
2400
0
Бүгін Рио Олимпидасында екі жүз метрге жүзуден қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин ақтық сайыста алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Екінші орынды америкалық Джош Прено (2:07.53) алды. Ал үшінші орын ресейлік Антон Чупковтың еншісінде.
Жүзуден соңғы ақтық сайыс Астана уақытымен 7:00-те басталды.
Осыған дейін Ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ниджат Рахимов қос сайыстық қорытындысы бойынша 379 келіні бағындырып, алтыннан алға тағынды. Бұл – Қазақстан қоржынына түскен алғашқы алтын болды.