ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арыстанбек Мұхамедиұлы Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты
2016 ж. 07 тамыз
1809
0
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында XXXI жазғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы салтанатты шараға қатысып, ұлттық олимпиада құрамасының мүшелерімен кездесті
Сонымен қатар шараға БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун және Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах қатысты.
Атақты бразилиялық әнші және композитор Каэтану Велозу салтанатты шараның көрігін қыздырды. Сондай-ақ, «Грэмми» сыйлығының бірнеше дүркін иегерімен бірге 2003-2008 жылдары Бразилияның мәдениет министрі болған музыкант Жилберту Жил мен әнші Анитта сахнаға шығып ән шырқады.
Еске салып өтсек, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын 104 спортшы қорғайды.