Рио-2016: Алтыншы тамыздағы Қазақстан спортшыларының шығу кестесі
2016 ж. 06 тамыз
1827
0
Алтыншы тамыз күні Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада қазақстандық спортшылар спорттың бірнеше түрінде өнер көрсетеді деп хабарлады ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана уақытымен сағат 17:30-да 10 метрге пневматикалық винтовкамен ату бойынша әйелдер арасындағы іріктеу жарысы басталады. Мұнда Қазақстан намысын Елизавета Король қорғайды.
Сондай-ақ, сағат 17:30-да академиялық есу жарысы өтеді. Жеке сында Владислав Яковлев сайысқа шығады. Спорттың бұл түрінде әйелдер арасындағы жарыста ескекші Светлана Германович Астана уақытымен сағат 19:00-де бағын сынайды.
Сағат 19:56-да 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдошы Елдос Сметов ливиялық Мухамед Элькависпен, ал әйелдер арасында 48 келі дәрежесінде (сағат 20:45) Отгонцецэг Галбадрах Гвинея-Бисау өкілі Тациана Лимамен белдеседі (1/8 финал).
Сағат 21:15-те 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде боксшылар турнирінің 1/16 финалы аясында америкалық Карлос Бальдеросқа қарсы біздің Берік Әбдірахманов шаршы алаңға шығады.
Әйелдер арасындағы теннис бойынша жеке сында Ярослава Шведова жапониялық Мисаки Доимен сайысады. Сағат 0:30-дан кейін Рио кортына теннисшілер жұптары шығады. Қазақстандықтар Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова бірінші кезеңде қытайлықтар Тайбея Цзяжун Чжуан және Су Вей Семен шеберлік сынасады.
Түнде 100 метр қашықтыққа жүзетіндердің іріктеу кезеңі өтеді. Сағат 00:13-те жарысқа Дмитрий Баландин қатысады.
Сағат 04:00-де 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі зіл темір көтеруден Маргарита Елисеева ел намысын қорғайды.
Қазақстандық спортшылардың шығу сәтін "Хабар", "Қазақстан" және KAZSport телеарналары алма-кезек тікелей эфирден көрсететін болады.