Бейбіт Ыстыбаевқа Астанадан пәтер мен 25 миллион теңге берілді (фото)
2016 ж. 04 шілде
2655
0
Үшінші рет «Қазақстан Барысы» атағын жеңіп алған Бейбіт Ыстыбаевқа 25 млн теңге мен Астана қаласындағы бір бөлмелі пәтердің кілті берілді.
Ал оның бапкеріне 3,5 млн теңге табысталды деп хабарлайды bnews.kz.
Ал «Қазақстан Барысы-2016» турнирінің күміс жүлдесін жеңып алған оңтүстік балуаны Жұманазар Ерсұлтановқа 5,5 млн теңге беріледі. Ал оның жаттықтырушысы 1,8 млн теңге көлеміндегі қаржылай жүлдеге ие болды.
Жарыстың қола жүлдегері Айбол Айтбек 1,8 млн теңгені алды. Ал бапкері 900 мың теңгені қанжығасына байлады.
Сонымен қатар, «Көрермен көзайымы» атағына ие болған алматылық палуан Виктор Демьяненкоға 1 млн теңге ақшалай жүлде табысталды.
Ал турнирдің қорытындысы бойынша, «үздік балуан» атанған Александар Касачев жеңіл автокөлікке ие болды.
Айтулы доданы Қазақстанның ұлттық арнасы мен «Kazsport», сондай-ақ Түркияның «ТРТ» арнасы және Ресейдің «Боец» арнасы да тікелей эфирден көрсетті.
Еске сала кетсек, кеше, үшінші шілде күні "Сарыарқа" велокешенінде "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің финалдық кезеңі өтіп, осымен алтыншы рет өткізілген турнирде Бейбіт Ыстыбаев үшінші рет жеңімпаз атанды.