Г. Әбдіқалықова: Илья Ильин - нағыз патриот

Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізген дәрісінде нағыз патриоттық туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды inform.kz.

«Көбіміз патриоттықты үндеу деп есептейміз, алайда қазақстандықтардың ұлтжандылығы бар. Бірнеше мысал келтіргім келеді. Жақында, сіздер білесіздер, Илья Ильин Грозныйда ауыр атлетикадан өткен халықаралық жарыста бас жүлде жеңіп алды. Ал марапаттау рәсімінде бір олқылық орын алды. Ұйымдастырушылар біздің еліміздің ескі Әнұранын қойды. Илья - нағыз патриот. Ол біздің жаңа Әнұранымыздың қойылғанын талап етті», - деді Г.Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Орал қаласында екі қызды судан құтқарып қалған 13 жастағы баланы мысалға келтірді.

«Ол су түбінде жатқан қызды құтқару үшін суға бірнеше рет сүңгіген. Бұл да ұлтжандылықтың белгісі», - деп есептейді ол.

Г.Әбдіхалықова 2011 жылы Тараз қаласында екі адамды өлтіріп үлгерген аса қауіпті экстремистті ұстап, өзінің өмірін пида еткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігін де тілге тиек етті.

«Полиция капитаны, марқұм Ғазиз Байтасовқа 2011 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Ол бірнеше адамды өлтірген аса қауіпті қылмыскерді ұстады. Ол да - патриотизм. Патриотизм әрқайсымыздың бойымызда бар. Біз еңбек ету арқылы, өз Отанымыздың дамуына үлестерімізді қосып келеміз. Қоғамдық өмірге белсенді араласамыз. Меніңше, осының барлығы - патриотизм», - деп сөзін түйіндеді Мемлекеттік хатшы.

qazaquni.kz