Қазақстандық футболды дағдарыс күтіп тұр
2015 ж. 22 қараша
1826
0
Форумға қатысқан мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Асқар Есімовтің сөзінше, үкіметте қарастырылып жатқан заң жобасында жергілікті бюджеттен спортқа бөлінетін ақшаның 50 пайызы командалық спорт түрлерін қаржыландыруға, ал қалған жартысын жекелей ойын түрлеріне беру көзделіп отырғанын айтты.
«Заң жобасы осы күйінде қабылданса, бұл тәртіп жекелеген спорт түрлерін дамуға септегін тигізеді», – деді министрлік өкілі.
ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов Азаттыққа түсініктемесінде жаңа тәртіп жүзеге асса, футбол клубтары қаржы қиындықтарына тап болатынын айтты. Ол бұл өзгерістерді елдегі экономикалық дағдарыспен байланыстырады. Қожағапановтың айтуынша, футбол клубтары қаржы дағдарысына қазірден дайындалып, мемлекеттік бюджеттің қолдауынсыз өз бетімен күн көруді үйренулері керек.
Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Асқар Есімов биыл жергілікті бюджеттен спортқа бөлінген 67,8 миллиард теңгенің 16 миллиарды футболға берілген.