Ақтауда мұз айдыны сарайы салынбақ
2015 ж. 10 қараша
2586
0
Ақтауда 2017 жылдың басына қарай мұз айдыны сарайы салынатын болады, деп хабарлады Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Сергей Пахомов ОКҚ аймақтық филиалында өткен баспасөз конференциясында.
«Мұз айдыны сарайы» құрылысымен Словакия мамандары айнаысады. Бүгінге дейін біз қаржы, құжаттар және жер учаскесі сияқты ішкі мәселелерді шештік. Қазір 32-ші шағын ауданнан учаске бөлінді, екі апта бұрын құрылысшылармен келіссөз жүргіздік. Енді кейбір мәселелер ғана қалды, содан кейін біз осы көптен күткен спорттық құрылыспен дендеп айналысамыз», - деген С.Пахомовтың сөзін келтірген «Тумба» порталы.
С.Пахомовтың айтуынша, «Мұз айдыны сарайының» базасында спорт мектебі ашылады, онда сабақтар тегін жүргізіледі, сондай-ақ спортпен айналысуға қосымша мүмкіндіктер туады.
«Словакиядан құрылысшыар өздерінің жаттықтырушыларымен және командалық құрамымен келмек, олар біздің спортшыларды үйретіп, өздерінің бай тәжірибесін береді», - деді ол.
Сондай-ақ денешнықтыру және спорт басқарсмасының басшысы мәнерлеп сырғанау мен хоккейден жергілікті командаларда талантты спортшылар бар, оларды Өскеменге және Алматыға шақырып жатқпнын айтты. Бұл факт «Мұз айдыны сарайының» маңызын көрсетеді, өйткені қысқы спорт түрлері - өңірде спортты дамытудың маңызды көрсеткіші болмақ.