Айсұлтан Назарбаев: Менің бағдарламамнан есеңгіреп қаласыздар
2015 ж. 19 қазан
3140
4
Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Оның ойынша, түрлі бөлім басшыларының халық пікіріне құлақ асатын кезі келді. Президенттің немересі қазіргі Қазақстан футбол федерациясының президенті өзгелерге құлақ аспақ түгілі, қоластындағыларды танымайды деген пікірде.
“Менің жеке Ерлан Қожағапановқа еш қарсылығым жоқ. Бірақ ол өз жұмысын орындауы тиіс. Ал кейбірі, тіпті оның түрін де білмейді. Мен қашан да мысалға біздің президентті келтіріп отырамын. Ол жыл бойы барлық облыстарды аралап, әкімдерден жағдайды біліп отырады. Алыс жерлерді аралап отыру керек. Қарапайым халықтың арасына барып, жағдайды білмесе, еш дамымаймыз. Олар менің хатыма да жауап бермеді. Жауап беруден жалтаруда. Адамдармен тығылмай сөйлесетін уақыт келді деп санаймын”, – дейді Айсұлтан.
Айсұлтан Назарбаев Қожағапановтың ҚФФ-ның дамуына қосқан үлесі де баршылық екенін мойындады.
“Біздің Қазақстанда кеткен адамның артынан жамандауға үйреніп қалған. Олай етуге болмайды… Жақсыбековтің тұсында ҚФФ алғаш рет Еуропа Лигасының негізгі раундына шықты”, – деп ойын жалғастырды ол.Өз спорттық мансабын ағылшындық клубта жарақат алғаннан кейін тоқтатқан Айсұлтан Қазақстан футболының дамуына барлық жағдай бар деп санайды.
“Көптеген сынаушылар тұрғындар жеткілісіз, тағы бірдеңе жетпейді деп айтып жатады. Ал мен болсам, Қазақстанда бәрі де бар деймін. Уругвайға қараңыздар, үш миллионнан астам тұрғыны бар. Онда екі дүркін әлем чемпиондары шықты. Бірінші әлем чемпионаты өтті. Бельгияға қараңыздар, 8 млн ғана тұрғыны болса да жұлдызды құрамасы бар. Ал бізде – 16 млн халық. Меніңше жеткілікті. Қарапайым халықтан бастап, балаларды кішкентайынан үйрету керек. Сонда ілгерілеу болады”, – дейді Айсұлтан.
Еске салсақ, жақында ҚФФ-ның кей өкілдері оның кандидатурасын Федерацияның келесі президенті ретінде ұсынған болатын. Алайда әзірге ҚФФ басшылығын қайта сайлау бастала қойған жоқ. Басталған жағдайда Айсұлтан Назарбаев оған әзір екенін алға тартты.
“Бағадалама әзірлеп қойдым. Бірақ әзірге оны құпия сақтаймын. Қазір кезектен тыс конференция жариялап, онда жаңа сайлаудың уақыты бекітілуі тиіс. Мен барлықтарыңызды шақыруға уәде беремін. Мен сайлауалды алаң ұйымдастырып, өз бағдарламамды жария етемін. Бағдарламамнан есеңгіреп қаласыздар, сөз беремін”, – дейді Айсұлтан.Сол арада президенттің немересі келесі уәдесін жаудырды:
“Егер Қазақстан футбол федерациясының президенті бола алсам, оған бар күшімді сарп етемін”, – деп сөзін аяқтады Айсұлтан Назарбаев.