"Астана" Чемпиондар лигасында "Бенфика", "Атлетико" және "Галатасарай" командаларымен ойнайды
2015 ж. 28 тамыз
3165
2
Бүгін, 27 тамызда Монакода Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 2015/16 маусымы жеребесі тартылды, оның қорытындысы бойынша, елордалық "Астана" командасы келесі қарсыласын анықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Рәсімді Петер Шмейхель мен Мелани Винигер өткізді. Шара кезінде УЕФА нұсқасы бойынша Еуропаның 2014/15 маусымындағы Үздік футболшы мен осы титулдың қыздар арасындағы титулы берілді. Каталонияның "Барселона" командасында және Аргентина құрамасында шабуылшы Лионель Месси УЕФА нұсқасы бойынша Еуропаның 2014/2015 маусымының үздік ойыншысы атанды. Ал осы титулды қыздар арасында биылғы шілдеде мансап жолын аяқтағанын жария еткен Селия Шашич алып отыр. Ол - Германия футбол құрамасының ойыншысы.
А: "Пари Сен-Жермен", "Реал", "Шахтер" (Донецк), "Мальме". В: ПСВ, "Манчестер Юнайтед", ЦСКА, "Вольфсбург". С: "Бенфика", "Атлетико" (Мадрид), "Галатасарай", "Астана". D: "Ювентус", "Манчестер Сити", "Севилья", "Боруссия" (Менхенгладбах). E: "Барселона", "Байер", "Рома", БАТЭ. F: "Бавария", "Арсенал", "Олимпиакос", "Динамо" (Загреб). G: "Челси", "Порту", "Динамо" (Киев), "Маккаби" (Тель-Авив). H: "Зенит", "Валенсия", "Лион", "Гент".
Еске сала кетейік, "Астана" футбол клубы екі матчтың қорытындысы бойынша Кипрдің АПОЭЛ командасынан басым түсіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан болатын. Бұл ойынды Астанада мыңдаған адам тамашалады.