Қазақстандық жеңіл атлет 2016 жылғы Олимпиада ойындарының лицензиясын иеленді
2015 ж. 05 тамыз
1865
0
«Олимпиада лицензиясын алу үшін спортшыларға қатарынан үш рет секіріп түсуден 14,2 метрден аз болмайтын нәтиже көрсетуі тиіс болды. Біздің жерлесіміз бірінші мүмкіндікте болмаса да, оған қол жеткізе білді. Еуропа жарыстарының бірінде Иринаға бұл лицензияға қол жеткізу үшін небәрі бір сантиметр жетпей қалған. Ал Қазақстанның жастар чемпионатында ол 14,32 метрлік нәтиже көрсетіп, Олимпиадаға жолдаманың иесі атанды», – делінген хабарламада.
Бұдан басқа, Алматыда 22-28 шілде аралығында өткен Ғ.Қосановты еске алуға арналған жеңіл атлетикадан Халықаралық жарыстарда Ирина Эктова қатарынан үш рет секіруде бірінші орынды жеңіп алды.
Қатарынан үш рет секіріп түсуде күміс жүлдені СҚО-ның тағы бір өкілі – Диляра Әбуова иеленді.
Дереккөз: ИА "Казинформ"