Рио Олимпиадасының күнтізбесі жарияланды
2015 ж. 26 наурыз
1770
1
Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті төртжылдықтың басты спорт додасының күнтізбесін жария етті деп хабарлайды 24 kz.
2016 жылғы Рио-де-Жанейро ойындарының басталуына 500 күн қалды.
Ғаламдық бәсеке 2016 жылдың 5-21 тамыз аралығында өтеді. Спорттық бәсекелер 6 тамыздан басталады.
Қазақ жанкүйерлері асыға күтетін бокс, дзюдо, ауыр атлетика сынды сайыстар алғашқы күннен-ақ қыза түспек.
Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаты өтетін орын – әйгілі Маракана стадионы.