Головкиннің келесі қолғап түйістіретін қарсыласы анықталды
2015 ж. 16 наурыз
1856
1
IBO, WBA (Super) және WBС (Interim) тұжырымдарында орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегін америкалық боксшы Вилли Монроға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Bnews.kz.
Кездесу 16 мамыр күні Инглвудтағы (АҚШ, Калифорния штаты) 17 мың орындық The Forum аренасында өтеді.
28 жастағы америкалық боксшы орта салмақтағы "Boxcino 2014" турнирінің жеңімпазы.
Айта кетсек, Головкин бүгінге дейін кәсіби карьерасында 32 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыластарынан басым түсті. Ал Вилли Монро 20 кездесу өткізіп, 19-ында жеңіске жетіп, 1 жекпе-жегінде жеңілген.