Қазақстан біріншілігіне еліміздің 12 аймағынан 150-ден астам спортшылар қатысады.
Атап айтқанда, Алматы, Алматы облысы, Астана, Маңғыстау облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы үш күн бойы бастарына монгкон киген өз спортшыларынан жеңіс күтіп, жекпе-жек алдындағы дәстүрлі руам муай билерін тамашалайтын болады.
Ел біріншілігі 14 салмақ дәрежесі бойынша өтеді – 45; 48; 51; 54; 57; 60; 63,5; 67; 71; 75; 81; 86; 91; +91 келі салмақ дәрежелері. Ел біріншілігінің бас төрешісі – муайтайдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші Елхан Аманқұлов.
Ең бастысы, биылғы ел чемпионатына құрметті қонақтар ретінде премьер-министр, муайтай федерациясының президенті Кәрім Мәсімов пен осы федерацияның вице-президенті Фархад Аманқұлов келеді деп күтілуде.