Головкин Мюрреймен болатын жекпе-жекке қатысты сұхбат бердi
2015 ж. 31 қаңтар
1731
0
Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен болатын жекпе-жекке қатысты сұхбат бердi, деп жазады boxingnews.kz. 21 ақпан күнi Монакода WBA (Super) және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкин 32 жастағы британдық боксшы Мартин Мюрреймен рингте кездеседi.
"Бұл - биылғы жылғы алғашқы қадамым, - дейдi Геннадий UCNLive телеарнасына берген сұхбатында. - Мюррей - өте мықты қарсылас. Бұл ойын емес, маңызды жекпе-жек және екеуiмiз үшiн үлкен сынақ. Онда титул үшiн екi жекпе-жек - Мартинеспен және Штурммен өттi. Мен ол кездесулердi қарап шықтым, Мартин оларға еш дес берген жоқ. Ол чемпион атанатын жалғыз мүмкiндiк деп санайтын болса керек, сондықтан маған қарсы шыққанда жанын салып жұдырықтасады".
Головкин өзiнiң басты мақсаты - титулдарды бiрiктiру екендiгiн тағы бiр еске салды. Орта салмақта WBC чемпионы титулы Мигель Коттоның еншiсiнде.
Дегенмен сарапшылар бұл салмақта Головкиннен мықты жоқ деп отыр. Геннадийдiң өзi нақты жекпе-жектер өткiзiп, шын мықтыны анықтағысы келедi.
"Менде WBC-ның уақытша титулы бар, толыққанды титулға ие Мигель Коттоға қарсы шығатын келесi үмiткер мен болуым тиiс. Мен бiрiктiрушi жекпе-жек өткiзгiм келедi. Мен үшiн орта салмақта ең мықты боксшыны анықтау маңызды", - дедi боксшы.