
"Мартин — жақсы боксер. Онымен өткізетін жекпе-жегім менің өмірімдегі жағымды оқиға болмақ. Мен оны көргем, ол үлкен және күшті жігіт", - деді Головкин.
Сондай-ақ, Қазақстан спортшысы жекпе-жек өзінің мансабы болғандықтан күнделікті жаттығатындығын айтты.
"Бұл менің уақытым", - деді GGG.
Сонымен бірге Головкин 2015 жылы 4 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғандығын мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 21 ақпанын күні 32 жастағы Мартин Мюрреймен қолғап түйістіретін болады.