АҚШ басылымдары: Сәбина Алтынбекова волейбол ойыны үшін тым әдемі!..
2014 ж. 31 шілде
4644
3
Біраз күннен бері жұрт назарына іліккен волейболшы Сәбина Алтынбекова жайында енді АҚШ басылымдары қызу талқылап жатыр. Қытайда өткен 19 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы Азия чемпионатында 17 жасар ойыншы қыз қытайлық жанкүйерлердің назарына ілігіп, турнирдің ең әдемі ойыншысы атанған.
Тіпті, Сабинаның сұлулығына тәнті болғандар оған сыйлық жолдап жатыр. Ал жаңа шыққан жұлдыздың әлеуметтік желідегі оқырмандары 300 мыңға жуықтады, деп хабарлайды 31 арна.
Америкалық БАҚ-тардың пікірінше, Сәбина волейбол ойыны үшін тым әдемі, әрі 17 жасар спортшы қыздың мұндай сұлулығы оған спортта табысқа жетуіне кедергі келтіреді. Ал Сәбинаның өзі мұндай танымалдықты күтпегенін айтады.
Оның бар мақсаты - әлемдік аренада Қазақстанның намысын қорғап, туын желбірету. Волейболдан жастар құрамасының бапкері Нұрлан Садықов та әлем жұртшылығының спортшы қызға осыншалықты назар аударғанын жақтырмай отыр. Оның пікірінше, бұл құрамадағы өзге ойыншыларға зиянын тигізеді екен.