Геннадий Головкин рингке Сэм Солиманмен шығуы мүмкін...
2014 ж. 29 шілде
1601
0
Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин IBF нұсқасы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы 40 жастағы автралиялық боксшы Сэм Солиманмен рингке шығуы мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Австралиялық боксшының айтуынша, өзінің жерлесі Дэниэл Гилді жеңген WBA (Super) және IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жеңісі оған ерекше әсер еткен. Алайда Солиман Гилдің өз формасында болмағанын айта келіп, Головкиннен оның өшін алатынына уәде берді. Бұған дейін Солиман Гена мен Гил 12 раунд бойы төбелесетінін, Гилдің жеңіске жететінін айтқан болатын. Алайда Геннадий Головкин өзінің қарсыласын небәрі 3 раундта нокаутқа жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 27 шілде күні австралиялық экс-әлем чемпионы Дэниэл Гилді жеңген болатын. Жерлесіміз Гилді үшінші раунда сұлатып түсірді. Головкиннің Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткен төбелесін 8572 көрермен тамашалады. HBО арнасы осы кездесуді тікелей эфирден көрсетті. Головкинмен алдағы уақытта кездескісі келетін боксшылар Мексикадан Хулио Сезар Чавес-кішісі, пуэрторикалық Мигель Анхель Котто, Питер Куиллин (АҚШ) және Флойд Мейвезер-кішісі (АҚШ).
tengrinews.kz