Лондон Ресейді әлем чемпионатын өткізу құқығынан айыруды ұсынды
2014 ж. 28 шілде
2005
0
Ұлыбритания вице-премьері Ник Клегг Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдағаны үшін Ресейді 2018 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығынан айыруды ұсынды.
Ол Украинаның Донецк облысындағы заңсыз қарулы топтарға Ресейдің қолдау көрсетуі мен осы облыста атып түсірілген жолаушылар ұшағындағы 300-ге жуық адамның қазасы арасында тікелей байланыс бар деп санайды.
Клегг басқаратын либералды демократтар партиясы үкімет коалициясында британ премьер-министрі Дэвид Кэмеронның одақтасы. Кэмерон Еуропа Одағы тарапынан Ресейге қарсы санкциялар салу туралы бірнеше мәрте айтқан болатын.
Клегг санкциялардың арасында Мәскеуді әлемдік футбол турнирін өткізу құқығынан айыру шарасы болуы керек деп отыр.
"Егер әлем футбол чемпионатын Ресейде өткізуге көнетін болса, онда Владимир Путиннің іс-әрекеттеріне наразылықтарының шынайы еместігін және оның алдында әлсіздігін көрсетеді" деп мәлімдеген Ник Клегг Sunday Times басылымына. Читать полностью: http://news.nur.kz/kk/323699.html
Азаттық