Олимпиада чемпиондары баспаналарынан айырылып қалудан үрейленеді!..
2014 ж. 23 шілде
2117
0
Ауыр атлетикадан әлем және Олимпиада чемпиондары Светлана Подобедова, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло сыйға берiлген пәтерлерiнен айырылып қаламыз деп үрейленiп отыр, деп хабарлайды vesti.kz сайты.
"2009 жылы әлем бiрiншiлiгiнде жеңiс әкелгенiмiз үшiн бiзге Талдықорғаннан екi бөлмелi пәтерлер сыйға тартқан болатын. Дегенмен, олар бiздiң атымызда емес, қолымызда бары - тек жалға алу туралы келiсiм. Мен Алматы облысының әкiмi Аңсар Мұсахановпен жеке сөйлесiп, бұл мәселенi шешуiн өтiндiм. Майя да хабарласты. Әкiм бiреулерге қоңырау шалып жатты, алайда "баяғы жартас сол жартас", - дейдi Светлана Подобедова.
Оның сөзiне қарағанда, ол пәтерлердi Алматы облысының спорт басқармасы сатып алу керек болған.
"Менiң бiлуiмше, бiздiң өңiрдiң палуандарына пәтер берген. Бiрақ олар өздерiнiң аттарында тұр. Пекин Олимпиадасының өзге жеңiмпаздарында да мұндай мәселе жоқ, сыйға берiлген баспананың барлығы аттарына аударылыпты", - деп атап өттi зiлтемiршi.
Спортшылардың сөзiне қарағанда, қазiргi уақытта сыйға тартылған баспана қызметтiк пәтерлер ретінде есепте тұр.