Месси Испания тарихындағы рекордтық салық төлейді
2014 ж. 20 шілде
1759
0
Каталондық "Барселона" клубының шабуылшысы Лионель Месси Испания қазынасына 53 млн еуро сомасында салық төлейтін болды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Ол күнтізбелік жыл ішінде елдің қазынасына осыншама көлемде қаржы құятын Испаниядағы алғашқы салық төлеуші болмақ. Аталған сомаға ойыншының жалақысынан, мүлкі мен жарнамалық келісімшарттарынан алынатын салықтар кіреді.
Бұған қоса, 2010-2012 жылдары аралығында 22,4 млн. еуро көлеміндегі салықты төлемеген Месси осы жылы бұл қаржыны да қалтасынан шығаруға мәжбүр.
Айта кетерлігі бұл қаржы, ілгеріде аталған 53 млн еуроның ішіне кіреді. Ал бұл соманың өзі тағы да 3 млн еуроға артуы мүмкін.
Өйткені 2007-2009 жылдары аралығында Месси жарнама және демеушілік келісімшарттардан тапқан табысын декларацияламаған көрінеді.
ҚазАқпарат