ФИФА ең үздік ойыншының есімін жария етті!

Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты финалындағы матчтың ең үздік ойыншысының есімі белгілі болды.

ФИФА нұсқасы бойынша, ол Аргентина мен Германия құрамаларының финалдық кездесуінің соңғы минуттарында гол соғып, өз командасына жеңіс әкелген неміс ойыншысы Марио Гетце болды.

Еске сала кетсек, Бразилияда өткен чемпионатта 4 гол соққан Лионель Месси ең үздік футболшы атанса, колумбиялық Хамес Родригес ең үздік сұрмерген болып танылды. Ал неміс құрамасының қақпашысы Мануэль Нойер "Алтын қолғап" иегері атанды. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/321803.html

ҚазАқпарат