Неймардың бел омыртқасы сынып, 1,5 ай доп тебе алмайтын болды
2014 ж. 11 шілде
2249
0
Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар Әлем чемпионатында алған жарақатынан мүгедек болып қала жаздады, деп хабарлайды Fottball-Italia.
Неймардың айтуынша, егер Хуан Суньига белімнен тағы төменірек тепсе, өмір бойы мүгедек болып қалар ма ем. Келесі күні Суньига телефон соғып, менен кешірім сұрады. Мен оған ренжімеймін, спорт болған соң ондай-ондай болады», - дейді Неймар. Естеріңізде болса, Бразилия мен Колумбия құрамалары арасында өткен кездесудің 88-минутында Хуан Суньига тізесімен Неймардың белінен теуіп, бел омыртқасын сындырып жіберген болатын. Дәрігерлердің айтуынша, Неймардың дертінен толық айығуы үшін 1,5 ай уақыт қажет.
bnews.kz