Бразилияның президенті чемпиондарға кубокты өз қолымен табыстайды

13 шілдеде Рио-де-Жанейрода "Маракаан" стадионында футболдан Әлем чемпионатының 2014 жылғы жеңімпазы анықталады.

Ал Кубокты Бразилияның президенті Дилма Роуссефф өз қолымен табыстайды.

"Жексенбі күні мен кубокты табыстаймын. Бас жүлде Бразилияға тиеді деген үміттемін", - деп жазды Роуссефф.

Ал Бразилия командасы жеңіске жетуі үшін сейсенбі күні Белу-Оризонтидегі "Минейран" стадионында Германия құрамасын ұтуы керек. Читать полностью:  http://news.nur.kz/kk/320830.html

ҚазАқпарат