Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев бойжеткенді соққыға жықты. Оқиға сенбі күні Fashion түнгі клубының жазғы терассасында орын алды, деп жазады lite.bnews.kz zannews.kz-ке сілтеме жасап.
Чемпионнан ногдаун алған қыздың есімі – Айсұлу Ыбрашева. Бойжеткеннің айтуынша, қазақстандық боксшы қызға көңіл бөлмек болыпты. Алайда, қыз бұған қарсылығын білдіріп, жігіттің көңілін қайтарып жіберген. Осы кезде ашуға мінген Артаев бойжеткенді ұрып жібереді. Өзі оқиға орнынан бой тасалайды.