Ұлттық спорт мектеп бағдарламасына енуі мүмкін

dP9OcyF5pmcm6W5PoXiWllfpBnJS4jҚазақша күрес пен тоғыз құмалақ мектеп бағдарламасына кіруі мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасына сілтеме жасап.

Парламент Мәжілісінде бұқаралық спортты дамыту  проблемаларына арналған Үкімет сағатында агенттік төрағасы өз жоспарымен бөліскен болатын. "Біз бұқаралық спорттың негізінде  ұлттық спортты дамытуға тиіспіз. Бұл жағынан келгенде өркениетті елдердің мысалына жүгінсек, Жапония бүгінде дзюдоны төл күресі ретінде мектеп бағдарламасына енгізді. Литва баскетболды балабақшадан бастап өркендетіп отыр.Оңтүстік Корея таеквондоны мемлекеттік деңгейде дамытып, кейін жазғы олимпиаданың бағдарламасына енгізді", - деді Тастанбек Есентаев. Оның сөзінше ұлттық спортымызда тап осылай әспеттейтін болсақ, болашағы зор болмақ. Сонымен қоса, тек ел көлемінде шектелмей, бүкіләлемдік спорт түріне айналатыны анық. "Бізде қазақ күресі мен тоғызқұмалақты мектеп бағдарламасына қосып, болашақта қазақ күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасынан көргіміз келеді. Ұлттық спортпен шұғылданушылар қатары өскен сайын бұқаралық спорттың өрісі кеңейе түсетінін әр кез естен шығармау керек", - дейді ол. Қазір қазақ күресі бойынша халықаралық деңгейдегі жарыстар жылда ұйымдастырылады. Осыған дейін 5 рет әлем чемпионаты, 2 рет әлем Кубогы, сондай-ақ Азия мен Еуропа чемпионаттары бірнеше мемлекеттерде жалауын желбіретті. Сонымен бірге, былтыр Тараз қаласында өткен "Еуразия барысы" турнирі биыл Венгрияда өтуі мүмкін.

tengrinews.kz