Жиу-Житсу және Айкидо өнерінің жаттықтырушысы
Рүстем Сүйіндіковті еске алуға арналған
«Жақсының аты өшпес» атты
ҚР Жиу-Житсу және Будо Федерациясының
ХІІ КУБОГЫ
Кубоктың ашылу салтанаты: Алматы қ.сы, Ақсай-1 ш.ауданы, 10
22 ақпан, сағат: 12.00-де «СШВСМ» спорт сарайы залында
- 1. Мақсаттары мен міндеттері:
- Қазақстан Республикасында Қазақ Жиу-Житсу спорттық өнерін насихаттау;
- Спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыру;
- Спортшылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
- 2. Жарыстың өтетін орны мен мерзімі:
- Мандаттық комиссия Алматы қаласында
21 ақпан, 2014 жылы, сағат: 15.00-ге дейін жұмыс істейді.
- Төрешілер отырысы сағат: 15.00 – 16.00-ге дейін;
- Команда бойынша 21 ақпан, 2014 жылы, сағат: 19.00-ге дейін өтеді.
- Жарыс Алматы қаласы, Ақсай-1 шағын ауданы, 10 үй, «СШВСМ» спорт сарайында өтеді.
22 ақпан, 2014 жылы
төмендегідей шарт бойынша өтеді:
- 12 – 14 жас: 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 кг ( ерлер / ne-waza );
- 12 – 14 жас: 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 кг ( қыздар / ne-waza );
- 15 – 17 жас: 45, 50, 55, 60, 65, + 65 кг ( ерлер / ne-waza );
- 15 – 17 жас: 40, 45, 50 кг ( қыздар / ne-waza );
- 18 жастан жоғары: 57, 63, 69, 75, 81, 90 кг ( ерлер / ne-waza );
- 18 жастан жоғары: 50, 56, 62 кг ( әйелдер / ne-waza )
23 ақпан, 2014 жылы төмендегідей шарт бойынша өтеді:
- 12 – 14 жас: 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 кг ( faiting );
- 15 – 17 жас: 45, 50, 55, 60, 65, + 65 кг ( Jugo );
- 18 жастан жоғары: 57, 63, 69, 75, 81, 90 кг ( Jugo );
- 3. Марапаттау
Өз салмақ дәрежесінде 1, 2, 3 орын алған спортшылар дипломдармен
және медальдермен, командалық есеп бойынша орын алған командалар дипломдармен және медальдермен марапатталады.
Ұйымдастыру алқасы:
- Алқа төрағасы – Қазақстан Республикасының Жиу-Житсу және
Будо Федерациясының Алматы қалалық бөлімінің директоры: Сүйіндік Аят Рүстемұлы;
- Бас жаттықтырушы – Тілеуқабыл Амантұрлиев
Анықтама телефоны: 8 707 826 87 72