ТЕМІРЛАННЫҢ ТЕМІР ҚАҚПАСЫ
2025 ж. 25 тамыз
84
0

ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНЫҢ ТЕМІРЛАНЫ - АТЫНА САЙ ҚАЗАҚ ҚАҚПАСЫН ҚОРҒАП ҚАЛДЫ!
“ҚАЙРАТТЫҢ” ЕКІНШІ ҚАҚПАШЫСЫ ҚАЗАҚТЫҢ БІРІНШІ ҚАҚПАШЫСЫНА АЙНАЛДЫ!
2025 жылы 26 тамыздағы Алматыдағы чемпиондар лигасына іріктеу ойынында “Қайрат” - Сэлтик футбол командаларының жекпе-жегінде қақпашымыз Темірлан Анарбек пенальтиде үш допты кері қайтарды! Бұл футболда өте сирек кездесетін керемет жетістік!
Баяғы “Қайраттың” даңқты қақпашысы Құралбек Ордабаевты еске түсірді.
Темірлан Қайраттың екінші қақпашысы екен, енді Қазақтың бірінші қақпашысына айналды!
ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНЫҢ ТЕМІРЛАНЫ - АТЫНА САЙ ҚАЗАҚ ҚАҚПАСЫН ҚОРҒАП ҚАЛДЫ!
Сонымен қазақ футболы өз тарихында жаңа белеске көтерілді - “Қайрат” чемпиондар лигасы тобында әлемнің әйгілі футбол командаларымен бір алаңда ойнайды, чемпиондыққа таласады!
Ертең атағынан ат үркетін атышулы “Реал”, “Барселоналармен” кездескенде де, Темірланның темір қақпасы сыр бермеуін тілейік!
Өйткені, “Қайраттың” қақпасы - Қазақтың қақпасы!
Қазақ футболының бұл жарқын жеңісін 26 тамыздағы Қазақ автономиялы республикасы құрылғанына 105 жылға лайықты тарту деп қабылдауға болады.
Алла жар болсын!
Қазыбек ИСА,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты