ШЫМКЕНТТІК БАЛУАН ЕУРОПА КУБОГЫ БӘСЕКЕСІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

ШЫМКЕНТТІК БАЛУАН ЕУРОПА КУБОГЫ БӘСЕКЕСІНДЕ ТОП ЖАРДЫ

15-16 наурыз күндері Ригада (Латвия) дзюдодан ересектер арасында Еуропа кубогы сайысы өтті. Халықаралық бәсекеде шымкенттік балуан Мейіржан Әбдімәліков аса ауыр салмақта алтын жүлдеге ие болды.

Жерлесіміз іріктеу кезеңдерінде Израиль, Доминикан Республикасының өкілдерін жеңіп, финалға шықты. Шешуші кезеңде испаниялық Иринел Василе Челаруден айласын асырып, чемпион атанды.

Мейіржан Әбдімәліков қазақ күресінен жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері. Түйе палуандар арасында болашағынан зор үміт күттіретін жас дарындардың бірі.

Айта кетсек, ересектер арасындағы кезекті Еуропа кубогы турниріне әлемнің 22 елінен 160-тан астам дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үздік шықты.