Астанада "CHILDREN PARALYMPIC GAMES 2024" инклюзивті спорт фестивалінің ашылуы өтті

Астанада "CHILDREN PARALYMPIC GAMES 2024" инклюзивті спорт фестивалінің ашылуы өтті

Астанада 13-15 маусым аралығына жоспарланған "CHILDREN PARALYMPIC GAMES 2024" инклюзивті спорт фестивалінің бүгін салтанатты ашылуы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті. Жыл сайын маусым айында Қазақстанның түкпір-түкпірінен мүгедектігі бар балалар мен жастарды тартуда елорда спорт орталығына айналуда Оған Қазақстанның 23 қаласынан кемінде 400 ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастар қатысуға келді.

Фестивальдің ашылуында Қазақсан Республикасы Спорт және туризмнің Вице-министрі Жарасбаев Серик Маратұлы, «CHILDREN PARALYMPIC GAMES» балалар инклюзивті фестивалін өткізуде бас демеуші болып қолдау көрсеткен «Samruk-Kazyna Trust» Қорының бас директоры Адиева Альфия Дәулетқалиқызы жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ізгі ниеттерін білдіріп, жарыста жеңімпаз атануларына сәттілік тіледі.


«Самұрық-Қазына» қоры бірнеше жылдан бері елімізде адаптивті спорт үйірмелерін ашу бастамасын қолдап келеді. Осы «Саламатты болашақ» жобасы аясында жыл сайын ұйымдастырылатын Балалар паралимпиадалық ойындары қайсар рухты балаларымыздың жігерін арттыратын ауқымды шара», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Фестивальдің басты мақсаты – әлеуметтік оңалту, яғни мүгедектігі бар балалар мен жастарды бейімделген спорт арқылы бәсекеге қабілетті ету, белсенді өмір салтын нығайту. Шараның бастамасы «Оқушылар сарайында» би конкурсымен жалғасын тапты. 

Түрлі спорт жарыстарын өткізу мүгедектігі бар балалар мен жастардың дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға ынтасын, сондай-ақ әлеуметтік белсенділігін, сенім мен өзара сыйластығын арттырады. Мүгедектігі бар балалар мен дені сау балалардың арасындағы достық байланыстарды инклюзивті спорттық-мәдени іс-шаралар өткізу арқылы нығайту басты мақсаттардың бірі.


Еске сала кетейік, аталған жоба аясында спорттың 11 түрі бойынша Қазақстанның 23 қаласында бірнеше жылдан бері мүгедектігі бар 1100 бала мен жастарға арналған жыл бойы тегін бейімделген спорт секциялары жұмыс істейді. Бұған дейін 23 қаланың әрқайсысында «CHILDREN PARALYMPIC GAMES 2024» жарыстарында өз қалаларының атынан өкілдік ету құқығын жеңіп алған үздік спортшыларды анықтаған іріктеу жарыстары өткізілді.

Сондай-ақ аталмыш спорт фестивалі аясында 7 қаладан «инклюзивті хорегорафия» үйірмелерінің тәрбиеленушілері арасында инклюзивті би байқауы да өтпек.


2019 жылдан бастап «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы аясында «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жобасының бас серіктесінің қолдауымен бірегей және ауқымды фестиваль өткізіп келеді, ал 2021 жылдан бастап фестивальдің әлеуметтік серіктесі қазақстандық бочча Федерациясы болып табылады.

Жыл сайын фестивальге қатысушылар мен бейімделгіш спорт секцияларының тәрбиеленушілер саны артып, спорттық волонтерлік қарқын алуда. Осылайша қоғам инклюзияны түсінуге жақындап келеді.

Қазақ үні