Тимур Спатаев: Қазақ батырларын әлемдік аренаға шығаруымыз керек

Тимур Спатаев: Қазақ батырларын әлемдік аренаға шығаруымыз керек

Биыл 6-шілде Астана қаласының 25-жылдығына орай елордада «Толағай - алыптар сайысы» өтеді. 

Осыған орай аталмыш сайыстың авторлық құқығының иесі, қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан мен Азия чемпионы Тимур Спатаев редакция тілшісіне пікір білдірді. 


- Бұл алыптар сайысы осымен 5 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Мақсатымыз қазақ батырларын әлемдік аренаға шығару. Строгмен, Шварценеггер секілді алпауыттардың жарыстары бар. Соларға әлі бірде-бір қазақ баласы қатыспаған. Екіншіден, спорт арқылы жастардың рухын қайрап, елдікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту мақсатымыз, - деді Т. Спатаев. 


АЛЫП КҮШТІҢ АЛАПАТ САЙЫСЫН ТАМАШАЛАҢЫЗДАР!

Кешегі аттары аңызға айналған Қажымұқан, Балуан Шолақтардың ізбасарлары бүгін де ортамызда жүргеніне көз жеткізіп, алып күштің алапат көріністеріне куә болғыңыз келсе, түйе көтеріп, темір илеген Темір палуанның ғажайып өнерін тамашалаңыздар!

“ТОЛАҒАЙ - АЛЫПТАР САЙЫСЫ” атты Астананың 25 жылдығына арналған турнир 6 шілде күні сағат 16:00-де Астана алаңында өтеді!

Алып күштің ақиқат екеніне көз жеткізейік, ағайындар!