Ташкентте алматылық бапкер қаза тапты...
Бапкер Ташкент қаласындағы ауыр атлетикадан кезекті оқу-жаттығу жиынында жүрген болатын. Әзірге, жаттықтырушының неден қайтыс болғаны белгісіз.
Тек, қасында болған спортшылардың айтуынша, бапкер Ташкентке келген соң денсаулығы сыр бергенін алға тартып, ауруханаға қаралған. Артынша, қонақ үйге келіп, сол жерде қайтыс болыпты.Диас Ахметшәріп, ҚР Спорт және денешынықтыру істері агенттігінің ресми өкілі:-Енді оның қайтыс болуының басты себебін сот медициналық сараптама қорытындысынан кейін білетін боламыз. Ал соңғы үш жылда Данияр Өтешов жүрек ауруымен сонымен қатар, қан қысымының секіруіне байланысты шағымданып, ауруханаларда қаралып жүрген еді.
Хабар арнасы