Көлгінов тоғызқұмалақ пен асық атуды мемлекеттен қаржыландыруды ұсынды
2023 ж. 26 қаңтар
4955
0
Вице-премьердің айтуынша, бүгінгі таңда министрлік алдында ұлттық спортты дамыту міндеті тұр. Елімізде 500 мыңнан аса азамат ұлттық спорт түрлерімен тұрақты айналысады. Алайда, келешек ұрпаққа мұны дәріптеп, тәрбие беру жұмысы бар.
Бұл үшін білім беру ұйымдарында дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонент қолданысқа енгізілді. Қазақ күресі мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында қаржыландырылатын спорт секцияларының қатарына қосылды. Мемлекеттік спорттық қаржыландырылатын спорт түрлерінің қатарына тоғызқұмалақ пен асық атуды қосу ұсыныстары да түсіп жатыр. Министрлікке мұны да қарауды сұраймыз, - деді Алтай Көлгінов Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Көлгінов келесі бесінші көшпенділер ойындары 2024 жылы елімізде өтетінін атап өтті.
Соған қазірден дайындалу керек. Федерацияға көмек көрсетеміз, - деді Алтай Көлгінов.