Олимпиадаға грек-рим күресінен барған палуандардың бәрі жеңілді
2021 ж. 03 тамыз
2841
0
Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен үшінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды zakon.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін 87 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар белдесуде.
Аталған салмақ бойынша Қазақстан сапынан Нұрсұлтан Тұрсынов кілемге шықты. Оның алғашқы қарсыласы германиялық Денис Кудла болды. Екеуара кездесу 4:1 есебімен отандасымыздың қарсыласының еншісіне шешілді.