Қазақ футболының болашағы бар ма?
2021 ж. 12 қазан
5596
0
Әлемдегі қандайда болмасын мемлекет беделі, Ел абройы - оның спорттағы, әсіресе футболдағы жестістіктерімен тығыз байланысты екендігі қазіргі таңдағы ақпараттар легінен анық аңғаруға болады. Сондықтан жержүзі көптеген мемлекеттері спортты, әсіресе футболды жанжақты дамытуға аса көңіл бөледі. Ал, біздің еліміздегі футболдың тыныс-тірілігі қандай? Осы тақырыпқа көкейімді тескен мысал әсте ойымнан шыққан емес... Кезінде, өткен ғасырдың 80-жылдары Қазақ ССР-ның Ғылым Академиясының Философия және право институтында қызметтес болған, ұлты шешен тамаша азаматы, марқұм Чинхоев Шарпадин бірде маған тіке қарап: «Наке, казахи хорошо поют, но плохо играют в футбол» (қазақтар әнді жақсы айтады, бірақ футболды нашар ойнайды) дей, мысқылдай қарқылдап күлгені намысыма тікенектей қадалған еді. Қашанда сәлемі түзу, сыпайы да әдепті адамның мұндай шындықты бетке басқаны ма, не – намыстарыңды оят дегені ме? Не болса да жауап оның ішінде кетті. Тілге тиек етіп айтқандарының ойы шындық еді. Сол кезеңдерде жұлдыздары жанып, дүние жүзі ән кеңістігінде жарқараған Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегеновалар болған болса, олардың іздерін баса әлемге танала бастаған әншілер Есекендір Хасангалиев, Әлибек Дінішев, Роза Рымбаева, Нағима Ескалиева мен «Дос-Мұқасан» тобы өнер төріне шыға бастаған еді. Ал футболға келсек, кезінде Кеңестер Одағы бойынша республикамыздың бетке ұстар жаңғыз «Қайрат» командасының құрамында әуелде ұлтымыздың түлегі тек Тимур Сегізбаев қана болатын, ал өңгелері басқа ұлт өкілдерінен құралған еді. Әріптесім «Қайраттың» құрамында бірнеше шешен ұлтының футболшылары ойнайды деген болжамды ұстанған болуы керек (мүмкін олар -Талгаев, Шадиев, Масудов, Салимов және т.б. болар). Ал сонда, стадиондағы жанкүйерлердің 90 пайызы еліміздің тума түлектері еді. Олар ойынға беріле көре отырып, жан-тәнімен қиқу салғанымен, өз іні-бауырларын футболшы етіп баулуға зейін қоймағандықтары шындық. Міні, футболға деген жанай қызығушлық пен істің нақтылы межеге жету алшақтығы қайда жатқанын аңғару қиын емес.
Бұған қоса, Алматының «Қайратының» бұрынғы бапкері серб Златко Крмпотич (2001—2002) «жалпы қазақтар тума табиғатына сай футбол ойнауға қаблеттері жоқ» деген пікір айтқан. Әрине, бұл біздің ұлтты негізсіз кемсіту, халықаралық заңға қерағар «нәсілшілдік», тіпті қылмыстық сипаты айқын жала ретінде қарауға болады. Ал Ресейдің ЦСКА командасының жаттықтрушысы В.Гончаренко былай депті: «Баха (Қазақстан құрама командасының ойыншысы Бахтиер Зейнутдинов- Н.С.) келген сәттен – біздікі екені анық болды. Түсінікті болу үшін: ол қазақ емес - өзбек»(Sprts.kz,27.11.2020). Сонымен, қазақ қабілетсіз, жағымсыз, түрпі-дей болып тұр ғой. Комменте Аділ есімді азамат: «...Өкпелейтін ештеңе жоқ. Бір де бір қазақ РПЛ сапында ойдағыдай ойнаған жоқ. Біреуі хрустальный, екіншісі сойқан, үшіншісі керемет дарынды, бірақ мүлдем пайдасыз...». Ойланатын, намысқа тартатын жағдайлар. Әрине, бұл біздің ұлтты негізсіз кемсіту. Қандай саланы алсаңыз да, қазақтар ешкімнен кем емес. Кем болмайды да. Барлық жетістіктер - жіті тәрбиеге, мақсатын айқындаған пенденің ынта-жігеріне, оның білікті дәрежедегі үздік үлгілерге сай қалыптасуына тікелей байланысты дүниелер. Жер бетіндегі ұлттардың негізгі бітім табиғатында, тума қаблеттіліктерінде айтарлықтар айырмашылық жоқ, тек ол өзгешелік олардың сырт түсі мен пішінінде ғана байқалады. Әйткенмен, әрқилы себептерге байланысты, қазірдің өзінде, еліміздің ұлттық футбол құрама командасы 2021 жылғы мамыр айна жасалған әлемдік рейтингте Футбол Қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы (FIFA)-ның 209 мүше-елдерінің арасында 124 орында ғана тұрақтап тұр. Оның өзінде ұлттық (?) футбол құрама командасының сапында 90 пайыз басқа ұлттар және легионерлер өкілдері құрайтындарын ескере кеткен жөн. Осы жағдайларды ой елегіне, сана таразасына салып сараптап көрейік.
Әрине аталған серб бапкерінің жөнсіз жаласына жауап ретінде айтарымыз мол. Адамзаттың алуан тірлігінің қай саласанда болсын, оның ішінде спорттың да шырқау биігіне көтерілген халқымыздың дарынды түлектері айтарлықтай боған, болады да! Олар: аттары әлемге жайылған, жұлдыздары жарқыраған желаяқтар Амин Тұйяқов пен Ғұсман Қосанов; Кеңестер Одағы бойынша аса шебер футболшылар қатарында көзге түскен Тимур Сегізбаев, Сейілда Байшақов пен Құралбек Ордабаев; бокста шоқтығы биік - Серік Қонақбаев, Ермұхан Ибраимов, Бекзат Саттарханов, Бақыт Сәрсекбаев, Бақтияр Артаев, Серік Сапиев; көгалдағы хоккейден КСРО құрамасының бес жыл (1977-82) капитаны болған Саян Шаймерденов(айта керер болсақ, Саян белгілі жазушы Сафуан Шаймерденовтың баласы) және тағы басқалары. Дарынды туматүлектеріміздің футболда да келешегі мол болары сөзсіз ақиқат. Бірақ... Жер жүзінде футбол аса кең таралып, миллиардтаған жанкүйерлердің жанына жақындығын ескере - футбол мәселесін басты тақырыпқа арқау етелік. Сонымен, Сергей Котляровтың футбол ойнына арналып жазылған «Үшкір бұрыштары бар футбол добы» кітабінен тақырыбымыздың астарлы ойын айқындайтын бір көрністі атап өтейік. Автор жас футболшылар Ғани Бегалиев пен Нариман Бегалиндердің аса дарын иелері екендігін сипаттай келе, бірде өзінің әкесі «Қайраттың» Бас бапкері В.А.Котляров Ғаниға допты ауада қақпалау (жонгилрование) жаттығуын орындау жүктейді. Сәлден соң оның маңайына жиналған «Қайрат» командасының барлық «тісқақан» атақты футболшылары жас футболшының өнерінің соншалықты биіктігіне таң-тамаша болады, өйткені ол допты санқилы қималдармен бір сағатқа жуық жерге бір сәт түсірмей қақпалап тұраған. Ауыздары ашылып қалған, ойынның қыр-сырына қанық, кәнігі футболшылар уақтылы берілетін «кешкі астан» да қалып қойған. Бапкер қайта оралып, Ғаниге енді жеткілікті дегенше, ол доптың жамбасын жерге тигізбепті. Автор Ғани мен Нариманның футболда жарқыраған келешегі барлығы ешкімге күмән тудармаса керек деп атап өткен. Дегенімен... Өкінішке орай, сол кітаптан алынған мына цитата талай сырдың бетін ашады: «У этих двух ребят не было футбольного будущего, так как их перспективные цели лежали далеко от спорта»(бұл екі баланың футболдағы келешегі жоқ болатын, өйткені олардың өмірдегі бағдарлы мақсаттары спорттан әлдеқайда алшақ еді ( аударған - Н.С. - аталған кітап, 138-139 беттер). Футболға көңіліміз ауған шақтан көкірегімізді жегідей жеп жүрген сұрақтарымызға алған жауабымыз «айдан анық, бояуы қанық» болды. Сонымен, көбіне біздің жастүлектер спорттың әртүрлеріне «қатыса бастайды да - артынша тастайды». Тіпті, келешегі мол Олимпиада, Әлем чемпиондарымыз Еліміздің көк байрағын желбірете бере, халықтың қошеметіне бөлене-бөленбес сәттерде «жолсітлер» көкелері ұсынған лауызымды(көбіне әкім орынбасары) қызметтерге «сүйікті» спорт түрін, үлкен жетістікті келешектеріне жандары қиналмай-ақ, айырбастап кететіндеріне қашанда қынжыламыз. Бокстан аттары жер жарып, ауыздан түспейтін аңызға айналған, отандарының атақ-абройын шыңырау биікке көтерген Олимпиада үш дүркін чемпиондары спорт тарихында есімдері алтынмен жазылған венгр Ласло Папп, кубалықтар Теофило Стивенсон, Феликс Савондар біздің ұлттық қаһармандарымызға үлгі болмаса керек. Сөз жоқ, өкінішті ақиқат. Мысалы, футболшысы Стенли Мэтьюз ағылшын футбол клубтарында 50 жасқа келгенше айырықша ойын өнерін көрсеткен. Ол 48 жасында Англияның үздік ойыншысы саналып, королева Елизавета II–нің өз қолынан рыцарьлық титулды бірінші болып алған футболшы ретінде әлемге танылды. Осыларды мысалға алып отырғанымыз: «Жалынды жастар, өнеге алатын үздік үлгілер көз алдыларыңда» дегіміз келеді.
Әрине, айта кетер жәйт – біздің Елде Үкімет тарапынан спортқа деген үлкен қамқорлық жасалып келе жатқандығының өзінде, соған сай болардай жетістіктер шамалы деуге болады. Оның басты кілті - спорт саласының даму бағытын дұрыс ұйымдастыруда деуге болады. Аса айта кетер жағдайт, спорттың әрқилы салаларынан, әсіресе футбол, шайбылы хоккей, баскетбол, волейбол тағы басқа түрлері командаларының құрамынан еліміздің төлтүлектерін неге ұшыратпаймыз? Кезіксе - бірде-екілі ғана: оның өзінде олар жарқыраған теңдесі жоқ үздік емес. Қыздарымыз тіпті көрінбейді. Онымен қоса «жетістікке» қол жеткізген чемпиондық медальдар иегерлері қатарларынан атамекеніміздің өз түлегі ілуде шалу. Лондондағы олимпиядада еліміздің тумасы емес – «легионерлер» басым болғанын миллиардтаған көрермендер куә (солардың көбісінен допинг қолднғындары үшін медальдары қайтарылып алынды). Оларды алдау мүмкін емес. Сол жалған чемпиондардан мемлекет жүздеген мың доллар сыйақыларды қайтарып алды ма? Күмәніміз бар. Туған жеріміздің абройын көтеріп, ұлттық намысымызды ұлықтаған тек Серік Сапиев десек шындықтан алшақ кеткендігіміз емес. Ал, Елемізде «жетістікті» өткен «Азияда 2011» интернеттегі комменттерде келекелі «Славянияда» деп аталып жүр. Біздің Елдің туын көтерген спортшылардың ныспысы мен ұлтына зер салсаңыз, негізсіз деп айта алмайсыз. Жауапты болғанымен, аса қиындық тудырмайды-ау деген кішкене істің өзі риялы болды: Азияданың ашылу салтанатындағы дәстүрлі олимпиядалық антты шорт-трек түріне қатысатын спортшымыз жабырқау күйде күмілжіп, жігерсіз айтқаны жанымызға батты. Тіпті бір-екі сөйлемнен тұратын антты да айтып шығуға өнер танытпаған елміздің жас спортшысына қарап: Намыс қайда, жігер қайда? - деген сауал айттық. Ал Алматыдағы Медеу мұзайдынындағы стадионынан берілген репортажда 35-тер шамасындағы екі жанкүйер жерлесіміз сезімдерін тежей алмай, асыға-аптыға ентелей таласа быдықтап микрофонның ішіне кіріп кете жаздады. Осындай бұрқанған жігерді спортқа неге пайдаланбаған, одан қалды бауырларын спортқа, оның ең кең тараған түрі - футболға баулып-баптауға неге қолданбаған? - деген ой келеді. Аса сөке мысал: «Барыс» хоккей командасының шабуылшысы Талғат Жайлауовты жанкүйер жастарымыз аэропорта қарсы алып, оны көтеріп шайқаймыз дегенде, тас еденге түсіріп алды. Хоккейшінің мыйыы шайқалып, ауыр жарақат алды. Одан ойдағыдай айыға ма, белгісіз. Ренішті жағдай. Біздің жанкүйерлеріміздің қолдарынан дұрыс қошемет көрсету де келмегені мә? Сочидегі олимпияда ойындарына елімізден қатысықандардың үлесі
мардымсыз болып, айтыскер ақындардың ашына айтқан өзекті тақырыбына айналғаны көрермен жұртқа аян. Сонда, бір-екі жыл аралығындағы «Азияда» қаһармандары қайда кеткен?! Қорыта келгенде, спорт әлемінде Ел туматүлектерінің жетістігі деңгейі неге төмен? Оның терең себептері қандай қатпарлардың астында? Ал статистика мәліметтеріне сүйенсек бүгінде Қазақстан халықтарының 70% пайызынан аса төлұлттың өкілдері құрайды екен. Соған сай, олардың спорттағы үлесі аталған пайызды мөлшерді құрай ма? Өкінішке орай, олай болмай тұр. Осыларға негізді деген жан-жақты жауаптар іздеуді үлкен парыз есебінде қабылдап, жауабын табуға тырысайық. Өйткені Қазақстанымыздың тәуелсіздігі мен атамекеніміздің келешегінің баяндылығы, жас ұрпақтың нағыз ұлжанды-патриот болып қалыптасуы еліміздің спорт саласындағы жетістіктеріне де тығыз байланысты екенін естен шығармау керек. Ана тіліміздің мәселелерінің де бір ұшы осыған тікелей байланысты екендігі анық.
Жоғарыда аталып өткен спортшыларымыздың жеткен жетістіктері неге жаппай көрініс таппай жүр? Неге біздің «абройымызды» қыруар ақшаға сатып алынған келімсектер(легионерлер) көтеруге тырысып жүр? Немесе, неліктен көбіне спортта, елімізге еріксіз жер аударылған азғантай ғана ұлттар өкілдері абройымызды жауып жүр? Осы жағдайлар намысқа ұрып тұрған жоқ па? Сөзсіз, намысы бар ұлтжанды азаматқа ауыр соққы екені анық. Соған тыңғылықты жауап тауып көрелік. Ертеден қазақи психологиялық болмысымызды қалыптастырған түсініктердің қандай заңдылықтар мен себептерден арқау алғандығына тоқталайық. Заңдылығы: оснау табиғи қатуыл жалпақ кең далада өмір кешу үшін атқа, түйеге мініп мал бағу бірінші кәсіп болып саналды. Қазақ малға қарап қалды. Мал көзді қажет етті. Сондықтан малдан көз жазып, ойын қуып кететін балаларға мынадай мақал айтылатын болған: «Асық ойнаған азар, доп қуған тозар, бәрінен де қой бағып, құйрық - май жеген озар». Бағдарлы ойтүйіні айқын сияқты. Бірақ заман күрт өзгерді, ал санамыз сол өткен ғасырлардағы түсінікпен әлемдік дүниетанымның, оның ішінде спорт көшінің соңында келеді. Қазақтың басым көпшілігі осы мақалдағы ой-мақсатты психология шырмауынан әлі шығалмай жүр. Оған қоса, бұл мақалдың қазіргі сипаты былай айтылатындай: «Асық ойнаған азар, доп қуған тозар, бәрінен де әкім болып бюджет жеген озар». Бұлай деудің негізді сипаты бар. Бір социологиялық зертеудің нәтижесінде, жастарға: «Келешекте кім болғың келеді?» деген сауалға, олар жаппай: «Әкім болғымыз келеді» деп жауап берген екен. Өкінішке орай: «Елдің тәуелсіздігі үшін - басымды, намысы үшін - жанымды тігемін, халқым үшін адал қызмет етемін, жігерімді арыма қайрап - қай салада болсын Отанымның абройын,
ұлтымның ар-ожданын көтеремін» деген ой-түсініктер олардың көкірегінде қайнап тұрмағандығы өкінішті - ақ. Әрине, жастүлектер осындай патриоттық ұстанымдарды түйсіктеріне түйсе, Отанымыздың әлемге әсер етер жетістіктері көрнекті баларына күмән болмас еді. Ұлы Абай Үшінші сөзінде: «Қазақтың...қызметке таласқыш болатұндығының, өздерінің жалқау болатұндығының себебі неде?» деп қойған сауалына, өзі мынадай жауап берген: «Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан; өзге егін, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді». Ойшыл ақынның «өнер» деген сөзбен кең ауқымды сансалалы түсініктерді қамтығандығы анық. Қазіргі заманда оған спорт өнерін де жатқызуға болады.
Жасөспірімдердің өмір бағдарын, келешек тағдырын ата-ана, ортасы қалыптастыратыны дау туғызбас шындық. Біздің қазақи менталитетіміздің негізді талабына сай, жеткіншек қашанда ата-анасының батасын ақтауға тырысады. Сол ата-ана: «Ал, балам Еліңнің абройын көтер, Пеле мен Марадона, Зидан мен Мессидей болуыңа тілектеспін, алған бағытыңнан тайма, жігерлі бол» деп бата беріп, стадионға ертіп келіп, бапкерге аманат етіп тапсырғанын көру қиял. Әсіресе бала қасиеті шексіз құдыретті ананың ақсүтін ақтауға, өсиетіне адал да берік болатыны анық. Мысалы, әуесқой бокстан Европа екі дүркін чемпионы(1989, 1991) және Әлем чемпионы (1991) Константин Дзюді оның шешесі бокс бапекріне алып келіп: «Серік Қонақбаевтай үздік боксшы болуын қалаймын» деп тапсырған екен. Анасының үмітін К.Дзю ақтағанына бәріміз куәміз. Атақты гимнастшалар Нелли Ким, Алина Кабаевалардың да аналары оларды жетектеп барып гимнастика бапкерлеріне тапсырғаны белгілі. Ал «Европаның ХХ ғасырдағы үздік футболшысы» атанған Йохан Кройфты да, ол 10 жасқа толғанда, анасы Нэл голландияның атақты футбол клубы «Аякс»-ке ертіп барған. Жетістіктерге жетудің жолында ананың аманаты әрине бірінші фактор екендігі айқын ақиқат. Екіншісі, қай - салада болсын біліктілігі үздік бапкер қажет. Қазір жапондықтардың футболдағы жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Олардың талай футболшылары Европа командаларында жақсы өнер көрсетіп жүр. Бұл жетістікке олар қалай келді? Жапонияға кезінде Бразилияның атақты ойыншылары болған, кейінде білікті бапкерлері қатарына қосылған Пауло Фалькао (1994) мен Зико (2002—2006) шақыртылды. Содан жапондықтардың футболы оңға басты. Сауд арабиясында тәжрибесімен бөліскен бразилиялық Марио Загалло сол төңректің футбол денгейін біршама көтерді.
Қазірде Елімізде ән, музыка, әрқилы аспаптарда жетік ойнау ұлттық өнері жанжақты салалары шырқау биікке көтерілгенін әлем мойындап отыр. Оған аса нәтижелі еңбек еткен білімдар жұлдызды музыканттарымыз Жания Аубакирова, Айман Мұсақожаева, Марат Бисенгалиев, Алан Бөрібаевтар мен т.б. Спортқа да осындай жігерлі, білімді де білікті жетекшілер қажет. Дау жоқ, теледидардан спорт сайыстары жиі көресетіледі. Бірақ, бізде спортты ұтымды сипатта насихаттау өте төмен дәрежеде. Әр деңгейдегі әншілеріміз теледидардың бетін бермейді, жүлделер алып, марапатталып жатады. Ол дұрыс та шығар. Бірақ «ән шырқайтын әншілеріміз көп, жоқ дарындар ойнайтын доп». Сондықтан, ән мен музыканы, сықақ пен ойын-сауық бағдарламалары көтерілген дәрежеде спортқа да көңіл берілуі табысты болар еді. Жас спортшылардың, әсіресе футболшылардың жетістіктері теледидар арқылы кең насихатталса, оларды моральды-материалды ынталандырса, қазақи қауым болып қошаметтеп қолдаса - алдағы уақытта спорт, футбол салаларында үлкен әлемдік жетістіктерге жетеріміз сөзсіз. Оларға өз ісіне жан-тәнімен берілген аса білікті бапкерлер қажет. Жалпы Республика бойынша селекциялық(іріктеу) жұмыстары жақсы қолға алынса, аулдағы дарынды жасөспірімдерді қаладағы спорт мектептеріне орнықтырса, үлкен ігілікті іс болар еді. Ағайын-туыс, қауым болып ол дарынды балалардың таңдауын қолдап, шынайы баталарын төгіп аттандырса, алдағы жеңісті күндерге үміт артуға болар еді. Ең бастысы, жасөспірімдер тәуекелге үлкен үміт етіп, бет алғанда, оларға Ананың берген құдіретті қуаты мен қайратты күші мол ақбатасы негізгі арқауы болатыны айқын. Ағылшын жазушысы Ульям Теккерей: «Ана - кішкентай балалардың жүрегіндегі және ауызна алатын құдай есімі» деп бекер айтпаған. Бұны ересектер де жадында сақтайтынына күмән жоқ. Сонымен айтқандарды түйіндей келе, жастүлектерге: «Ана тілегі - аманат,/ Самға қағып қанат!» дегім келеді.
Осы орайда, бір айта кетер жәйт, менің, Еліміздің төл түлектерінен аса шебер футболшылар дайындау жан-жақты методикам(тәсілдерім) бар. «Ноу-хау» деуге болады. Елімізде осыған көңіл бөліп, қолдау жасайтын билік тарапынан лауазымды қызметкер немесе намысы кернеген патриот пенде бар ма?! Мен 5 жыл бойы сөзімді ешкімге өткізеалмай келемін. Егер, Қазақстанда бұған мән берілмесе, оны шет мемлекеттеріне ұсынуға еріксіз мәжбүр боламын. Менің басқа лажым жоқ. Озық методика жерде қалмауы керек.
Нақыпбек Садуақастегі,
Қазақ үні