Орталық Азия конфедерациясы құрылмақ
2020 ж. 03 ақпан
1733
0
2019 жылдың 8 ақпанында сағат 18:00-де Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінің ММА аралас жекпе-жектен Орталық Азия конфедерациясын құруға арналған баспасөз конференциясына шақырамыз.
Аталған баспасөз мәслихатында Орталық Азия аймағында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегін дамыту және танымал ету, сондай-ақ, 2020 жылдың маусымында Нұр-сұлтан қаласында ММА аралас жекпе-жектен өтетін Азия чемпионатын өткізу мәселелері талқыланады.
Бағдарлама:
- Ұйымдастырушылар мен басшылардың кіріспе сөзі
- Басқа елдер өкілдерінің кіріспе сөзі
- Сұрақтар мен жауаптар сессиясы
Анықтамалық ақпарат:
Баспасөз конференциясының ұйымдастырушылары - 2018 жылдың желтоқсанында құрылған "Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі. Бірлестік басшысы - Ғалымжан Есенов. Ал бас директоры - Валихан Тен.
Қоғамдық бірлестік каратэ, жекпе-жек, толық қатынасты спорт түрлері және де ММА аралас жекпе-жегі сияқты 4 бағытты дамытып келе жатқан Қазақстанның жауынгерлік өнер Қауымдастығының қолдауымен жұмыс істейді (президенті Ә. Садықұлов). ММА Аралас жауынгерлік жекпе-жегі - жекпе-жекте ең тиімді техникаларды, мектептік және жауынгерлік өнер элементтерін байланыстыратын әмбебап спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасында 2013 жылдың 26 маусымында ресми спорт түрі деп танылды.
qazaquni.kz