Қазақ қызы аралас жекпе-жектен Әлем чемпионы атанды
2019 ж. 15 қараша
5651
0
ММА аралас жекпе-жектен ересектер мен жастар арасында Бахрейн корольдігің Манама қаласында, 50 елдің ең мықты деген 500 спортшысы қатысып жатқан Әлем чемпионатында Талшын Жұматаева Әлем чемпионы атанды. 20 жастағы спортшы финалда жерлесіміз Айжан Әбдіқадырды жеңді.
Байрақты бәсекеде қазақстандық спортшы 70.3 кг салмақта қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, оқ бойы озып шықты. Спортшы Индия, Ұлыбритания спортшыларын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Еске сала кетсек, Талшын осы жылдың мамыр айында Тайландтың Бангкок қаласында өтен Азия чемпионатында Азия чемпионы атанған болатын.
«Спортқа бала күнімнен бері қызығамын. Оқу бітіргеннен кейін де спортта қалсам деген ойым бар. Осы спортқа деген қызығушылығым мықты қарсыластарға төтеп беріп, алға қарай жылжуыма мүмкіндік берді деп ойлаймын», - деді Әлем чемпионы Талшын Жұматаева.