«Астана-2008» халықаралық турнирде үздік үштікке кіре алмады
2019 ж. 04 қыркүйек
2162
0
Сочи қаласында 2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Hopes CUP халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Бұған дейін «Астана» «Краснодара» мен «Зенит» (Волгоград) Академияларының құрамаларынан басым түсіп, айтарлықтай жақсы нәтиже көрсеткен болатын. Өкінішке орай, Сергей Калюбин мен Павел Халезов жаттықтыратын жас футболшылар Ставропольден келген «Кожаный мяч» құрамасына есе жіберді. Одан кейін аталмыш жарыстың жеңімпазы атанған сербиялық «Црвена Звезда» құрамасынан да жеңіліп қалды.
Жарыстың соңғы күнінде астаналық футболшылар Грозный қаласынан келген «Ахмат» құрамасымен кездесіп, оларды жеңген жағдайда үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік алған еді. Алайда, 2:1 есебімен есе жіберген отандастарымыз жарыс жолын сәтсіз аяқтады.
Турнир аясында отандасымыз Даниял Назаров үздік ойыншы марапатына ие болды.