Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады
2019 ж. 19 шілде
4495
0
Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды.
Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.
Еске сала кетейік, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Алматыдағы бокс кешінде доминикалық қарсыласы Хулио де Хесусты 14-секундта нокаутқа жіберген еді.