Салтанат Қазыбаева: Жүгіру – Қазақстандағы ең танымал спорт түрі
2019 ж. 18 шілде
4451
0
Соңғы жылдары Алматы қаласында бұқаралық спорт түрлеріне деген қызығушылық ерен артып, халықтың жаппай салауатты өмір салтын ұстануға көшкенін байқауға болады. Мәселен, 2018 жылдың өзінде ғана Алматы қаласында әртүрлі деңгейдегі 1370 спорттық шаралар – аулалық старттардан бастап, халықаралық іс-шараларға дейін өтіп отырған екен.
Оңтүстік астана тұрғындарының спортқа деген қызығушылығы неден туындағанын түсіне үшін біз «Сенің жаңа қырың!» челленджінің негізін қалаушы Валихан Тен мен «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаевадан аз-кем сұхбат алуды жөн санады.
- Валихан мырза, соңғы кездері қала тұрғындары арасында түрлі спорттық челендждер көптеп өтуде. Халықтың өзің салауатты өмір салтын ұстануға деген ниеті көп екенін аңғартуда. Осының сыры неде деп ойлайсыз?
- Меніңше, психологиялық парадигма ауысып кеткен сияқты. Егер он жыл бұрын кездескен кезде біз: «Қай түнгі клубқа барасың?» деп сұрасақ, қазір: «Қай спорт түрімен айналысасың?» деп сұраймыз. Бұл сәннің әсері деуге де болмас. Алматыдағы спорт қолжетімді болып, қалалық субмәдениетте жаңа StreetWorkout тренді, басқаша айтқанда көшедегі фитнес мәдениеті пайда болды. Соның әсерінен дене шынықтырумен тренерсіз, спортзалсыз және қаражат көзінсіз кез келген адам айналыса алатын болды. Воркауд философиясы әлемде үлкен тренерлік алаң ретінде қабылдап, кез келген орындық тренажерге айналатын болған.
- Сіз «Сенің жаңа қырың!» челленджінің негізін қалаушысы. Осы челендж туралы айтып берсеңіз.
- Өткен жылы біз дене шынықтыру түрлерін біріктіріп, «Сенің жаңа қырың!» челленджін бастадық. Оның мәні әр адам өзін 21 күнде өзгерте алады. Тек спортпен үздіксіз айналысып, өз жаттығуларыңды бейнежазбаға түсіріп, желіге жариялау керек.
- Ал, Алматы ғана емес, жалпы өзге қалалардан қатысты ма бұл челенджке адамдар?
- Қанша қазақстандықтың бұл челленджге ат салысқанын білесіз бе? 300 000 мыңнан артық! Биыл ««Сенің жаңа қырың!» өз жалғасын басқа форматта табады.
Валиханның жауабы осындай болды. Ендігі кезекте біз қазақстандықтарды спортқа деген көзқарасын түсіну үшін «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаеваның пікірін білген едік.
- Салтанат, қазір адамдардың спортқа деген көзқарасы өзгерді деп санайсыз ба?
- Назар аударсаңыз, қалада келісті спортшы әйелдердің саны көбейген. Біздің спортқа деген көзқарасымыз өзгерген. «Гламурлі» мыңжылдықтың қалай басталғанын еске түсіріңіз. Бізді адам денесінің жетіспеушіліктері мен артықшылықтарын киіммен, жаңа фасонмен жауып, назарды макияжға аудару көбейген. Адам денесінің коррекциясын спортпен жасау екінші орынға ауысқан. Бірінші орында косметика мен киім-кешек болатын. Уақыт өте келе сұлулыққа деген көзқарас толенрантты бола бастады – «өзіңді осы қалпыңда жақсы көр», «барлық фигура әдемі» және әрі қарай. Осылай барлығымыз фигуралардың бәрі әдемі екен, әсіре спорттық фигуралардың әдемілігін, ал байлық пен киімді көрсету трендтен кеткенін түсініп, әдемі фигураға кез келген киім келісе кететінің ұғындық. Сол кезден бері көп әйелдер спортқа жүгіне бастады.
- Ал, отандастарымыз көбінде спорттың қай түрімен айналысады?
- Жүгіру – Қазақстандағы ең танымал спорт түрі. Мысалы, Алматы марафонына 2019 жылы 17 мың адам қатысқаны. Айтпақшы, олар әлемнің 53 мемлекетінен келген. Келер жылы бұдан көп болатынымызға сенімім мол.
Міне, мамандардың көзқарасы осындай. Жалпы, халықтың жаппай спортпен айналысуы өте құптарлық жайт. "Салауатты Қазақстан" атануымыз үшін әрқайсымыз өзімізден бастап, спортқа деген махаббатты балаларымызға да үйретуіміз керек.
Ал, сіз спорттың қай түрімен айналысасыз?!
qazaquni.kz