"Арландар" футбол клубы Халықаралық Брага кубогын жеңіп алды
2019 ж. 12 шілде
6229
0
Португалияның Брага қаласы 2018 жылдан бері Еуропаның спорт қаласы атанған. Жуырда аталмыш қалада футболдан балалар арасындағы Брага кубогы үшін тартысты дода өткен болатын. Жарысқа 9 елден, 98 команда, 1800 футболшылар 7 жас категориясы бойынша қатысты.
Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жарысқа Қазақстан атынан U13, U11 жас категориялары бойынша "Арландар" футбол клубы қатысты. Қарсыластардың ешқайсысы оңай болған жоқ. Еуропаның Бенфика, Спортинг секілді атақты футбол клубтары мен Гюмараенш секілді академия футболшылары да бақ сынады.
Қазақстан ФИФА-ның рейтингісі бойынша 130 орынның маңайында. Қалай десек те, Еуропа футболына қарсы ойын көрсету және оларды жеңу – ерлік деп айтуға болады.
Қазақстандық "Арландар" футбол клубының өрендері Португалияның халықаралық турнирінен үздік атанып, алаңда өткізген 8-ойынның 7-де жеңіске жетті.
Жас футболшалырдың өздері бұл жеңісті елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының мерейлі мерекесіне арнап отыр екен.