Болат Мажағұлов халықаралық джиу-джитсу қауымдастығының президентіне ұлттық шапан жапты
2019 ж. 23 маусым
3172
0
Сенбі күні, 22 маусымда, «Дәулет» спорт кешенінде Nur-Sultan Jiu Jitsu Grand Prix халықаралық турнирінің салтанатты ашылуы өтті. Шара барысында Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығының президенті, елордалық Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов құттықтау сөз сөйледі. Мекеме басшысы Nur-Sultan Jiu Jitsu Grand Prix жарысының елімізді джиу-джитсудың даму кезеңінде қазақстандық қауымдастық үшін айтулы ірі шара екендігін атап өтті.
- Жарыс жас палуандарды қолдау мақсатында Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Турнирге үздік спортшылардың, Әлем мен Азия чемпиондарының қатысып отырғаны біз үшін зор құрмет. Жарыстың жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Елордамыз Лондон, Рим, Париж, Әбу-Даби, Токио және GrandSlam шарасын өткізген астаналар қатарына қосылады деп ойлаймын, - деді Болат Мажағұлов спортшыларға сәттілік тілей отырып.
Турнирдің құрметті қонағы халықаралық джиу-джитсу қауымдастығының президенті Панайотис Теодорополус болды. Шетелдік мейман шараға қатысушыларды құттықтап, қонақжайлылығы үшін Қазақстанға алғысын білдірді. Дәстүр бойынша оған қазақ ұлттық шапан жапты.
Екі күнде татаимде әлемнің 10 мемлекетінен 300-ге жуық спортшы белдеседі. Оның ішінде Біріккен Араб Әмірлігі, Бразилия, Иордания, Ауғанстан, Түркменстан, Моңғолия, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан бар.
Спортшылар 4 бағытта күш сынасады: Ne-Waza, Fighting, DUO и Contact-System.
Бірінші жарыс күні 150-ге жуық спортшы бағын сынады, олардың қатарында 30-ы Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғады.
Қатысушылардың жасы 18-ден 35-ке дейін.
Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірлігінің командасын қолдауға шараға БАӘ Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мохаммад Ахмад Альджабер келді.
Халықаралық жоғары санаттағы төреші, Джиу-джитсуден Ресей федерациясының төрешілер комиссиясының мүшесі Андрей Петрачковтың айтуынша, жарысқа ең мықты төрешілер мен қатысушылар жиналған. Сондай-ақ ол қазақстандық джитсерлердің жақсы дайындалғанын атап өтті.
- Қазақстандық команда Fighting бағытында күшті. Алдын ала жекпе-жектер спортшылардың бабында екендігін көрсетті. Техника жағынан әдемі кездесулер болды, партер, лақтыру әдістері қолданылды. Ne-Waza спортшылары да лайықты өнер көрсетті. Дуосистер аздап артта қалуда.
Әрине, жұмыс жүргізілгендігі көрініп тұр, өйткені бұрын олар жоқ еді, қазір алғашқы жұптар шықты, бірақ олардың техникасын әлі де шыңдау керек.
Төрешілерді айтар болсақ, бағыттар бойынша рефери құрамын Бразилия, Үндістан, Ресей елдерінің халықаралық санаттағы төрешілері бастап отыр, -деді мәскеулік төреші.
Шара аясында параджитсерлердің де кездесулері өткізілді. Ақтық сында қазақстандық Бауыржан Арыстанбеков отандасы Ильдар Зайналовпен шеберлік байқасып, одан басым түсті.
- Джиу-джитсу - керемет күрес, оны жүрекпен, санамен меңгеру керек. Біз үлкен бір отбасы сияқтымыз. Мен сияқты мүгедектігі бар адамдар осындай беделді жарыстарға қатыса алады деп ойламаппын. Бұл бірінші рет. Бізге қолдау көрсетіп, Қазақстанның намысын қорғап, туымызды көкте желбіретуімізге сеп болып, дайындап, жаттықтырып жүрген сэнсэйіміз Қуат Сағиевке (джиу-джитсуден ҚР ұлттық құрамасының аға жаттықтырушы) алғыс айтамын,- деді турнирде алтын жүлде иеленген Бауыржан Арыстанбеков.
Nur-Sultan Jiu Jitsu Grand Prix жарысының бірінші күнінің қорытындысы мынадай:
- Ne-Waza бағыты
- әйелдер, 63 кг: 1-орын ALMATROOSHI BASHAYER ( БАӘ), 2-орын - Fariza Kulyntay (Қазақстан), 3-орын - TLEPOVA ALIYA (Қазақстан).
- әйелдер, 70 кг. 1-орын - ISMATUIIAEVA SANGINA (Өзбекстан).
Ерлер, +94 кг. 1-орын ALHAMADI YAHYA (БАӘ), 2- орын ALALI SULTAN (БАӘ), 3-орын PLEKHANOV YEVGENIY (Қазақстан).
Ерлер 77 кг, 1-орын ALQUBASI MOHAMED (БАӘ), 2-орын NURTAKANOV OLZHAS (Қазақстан), 3-орын ALHAMMADI SAOUD (БАӘ), ALAMRI KHALID (БАӘ).
Ерлер, 85 кг. 1-орын ALKITBI FAISAL (БАӘ), 2-орын - ALAMRI MOHAMED (БАӘ), 3-орын KUTZHANOV MARAT (Қазақстан), JORAYEV MERGEN (Түркменстан).
- әйелдер, 70 кг. 1-орын - ISMATUIIAEVA SANGINA (Өзбекстан).
Ерлер, +94 кг. 1-орын ALHAMADI YAHYA (БАӘ), 2- орын ALALI SULTAN (БАӘ)- 3-орын PLEKHANOV YEVGENIY (Қазақстан).
Ерлер 77 кг, 1-орын ALQUBASI MOHAMED (БАӘ), 2-орын NURTAKANOV OLZHAS (Қазақстан), 3-орын ALHAMMADI SAOUD (БАӘ), ALAMRI KHALID (БАӘ).
Ерлер, 85 кг. 1-орын ALKITBI FAISAL (БАӘ), 2-орын - ALAMRI MOHAMED (БАӘ), 3-орын KUTZHANOV MARAT (Қазақстан), JORAYEV MERGEN (Түркменстан).
Ерлер, 69 кг, 1 -орын DUISENKULOV NURSULTAN ( Қазақстан), 2-орын GABIT AKNIET (Қазақстан),
Параджиу-джитсу санаты: 1-орын ARSTANBEKOV BAUIRZHAN (Қазақстан), 2-орын ZAINALOV ILDAR (Қазақстан).