Омбудсмен қызметі бойынша өткен жылы 20 мәселе инвесторлардың пайдасына шешілді
2016 ж. 17 мамыр
2203
0
23 жоба шетелдік инвесторлардың қаражаты арқылы жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, биылдан бастап, инвесторлар үшін «бір терезе» жүйесі жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Қазақстанның Еуразиялық Бизнес Қауымдастығының аясында ҚР инвестициялық климатын жақсарту мақсатында дөңгелек үстел барысында айтылды.
Мұндай орындар Астана мен Алматыда екіден болса, әр облыс орталығында бір-бірден бар. Осы жылдың 4 айында «бір терезе» жүйесімен 400 инвестор уақытын жоғалтпай, құжаттық жұмыстарын шешкен. Және инвесторлардың құқығын қорғау үшін ҚР инвестициялар жəне даму министрі Әсет Исекешев инвесторлар омбудсмені болып қызмет істеп отыр. Омбудсмен қызметі бойынша өткен жылы 20 мәселе инвесторлардың пайдасына шешіліп, құқықтары қорғалған.
Сондай-ақ, Қазақстан үшін маңызды экономикалық 19 елдің инвесторлары үшін визасыз жүйе енгізілген. Олар: Австралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланд, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония. Сондай-ақ, арнайы экономикалық аймақтарда 148 жоба іске асырылып, 10 мыңдай адам жұмыспен қамтылған. Бұл жобаларға 400 млрд. теңге қаржы салынып, өндіріс көлемі 897 млрд. теңгеге жеткен. Қазіргі таңда 2,6 трлн теңге қаражат жұмсалып, 102 жоба іске асу сатысында тұр. Мұның 23 жобасы шетелдік инвесторлардың қаражатына жасалып жатыр.
qazaquni.kz