Жерді жалға берудің әлемдік тәжірибесі
2016 ж. 02 мамыр
4883
29
Ауыл шаруашылығы жерлерін жалға берудің халықаралық тәжірибесі қандай? Талдау барысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жекеменшікке беру, негізінен Еуропа елдерінде енгізіліп отырғандығын көрсетті.
Ресми деректерге сүйенсек, Польша, Венгрия, Румыния және Болгария тәрізді Шығыс Еуропа елдерінде жекеменшікке иелену құқы 3-5 жылға дейін сату құқығына тыйым сала отырып енгізілген.
Мемлекет, жерге жеген жекеменшік иелікті қолдай және қорғай отырып, оны пайдалану және тұтынуды бақылау қызметін өзіне алады. Жерге меншік туралы сұраққа осы тұрғыдан келу, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өте ұқыпты және қоғам мен экономиканы тұтастай алғанда игілікті болып, сол арқылы жерді тұрақты айналымға түсіруді қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің жеке және мемлекеттік меншігін теңқұқылы дамыту Бельгия, Швеция, Ресей, Италияда бар. Бельгияда жалға беру қатынасын реттеу жер телімдерін ұтымсыз және мақсатсыз пайдалануды, жер иелігіндегі алпауыттарды болдырмау мақсатында мемлекет арқылы жүзеге асырылады. Швецияның жерінің 43%-ы немесе 19 млн. га жекеменшікте, ал қалған жерлер пайдалануда. Италияда жерлер пайдаланылып, айналымда болуы үшін фермер шаруашылықты тиісті дәрежеде жүргізбесе, тиімді қолданушыларға жер телімін мәжбүрлі тәртіпте жалға бергізу (сату) қолданылады. Түрлі санаттағы жерді мақсатты пайдаланудың қатал шарттары енгізілген, оның ішінде территорияны зоналауды есепке ала отырып анықталатын, жер пайдаланудың белгіленген ережелерін бұзғаны үшін экологиялық сипаттағы санкциялар бар. Мәселен, Ресейде шетелдіктерге жалға беру мерзімі 49 жылды, ал Біріккен Араб Әмірліктерінде 99 жылды құрайды.
Дерек көзі: ҚазАқпарат