Дәрігерлер әскерилердің жыныстық қуатын қайта қалпына келтірмекші
2016 ж. 18 наурыз
2438
0
Балтимор қаласындағы Джонс Хопкинс зерттеу университетінде хирургтар 60 жараланған әскердің жыныстық органдарын қайта ауыстыру бойынша тәжірибелік операция жасамақ. Дәрігерлердің ойынша, бұл әскерилердің жыныстық мүмкіндігінің қалпына келуіне мүмкіндік береді.
Бұл туралы lifenews.ru сайты хабарлайды.
Медициналық мекеменің баспасөз хатшысы Тейлор Грэмның айтуынша жыныстық орган трансплантациясы тек 2001 жылы 11 қыркүектегі терактіден зардап шеккен әскерилерге ғана жасалады.
Дәрігерлер алғашқы операцияға жақын уақытта кіріспек. Отаны былтыр әлемдегі қол сүйегі мен баланың тоқпан жілігін ауыстыру операциясын алғаш жүзеге асырған атақты хирург Скотт Левин жүргізбек. Жыныстық органды қалпына келтіру операциясы 12 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Операция барысында жүйке талшықтары, қан тамырлары және шағын бұлшық еттер жалғанбақ.
Нью-Йорк университетінің профессоры Артур Каплан мұндай операциялар емделуші үшін қауіпсіз деп санайды.
Дерек көзі:lifenews.ru