Қазақстан "Бақытты ел" рейтингінде Оңтүстік Кореядан озды
2016 ж. 17 наурыз
4535
3
Қазақстан жыл сайын Колумбия университетінің Жер институты құрастыратын World Happiness Report индексінде өзінің жағдайын 3 тармаққа жақсартып, 54-ші жолға көтерілді деп хабарлайды ҚазТАГ.
Қазақстанмен бірге бір ондықта тұрғандар: Италия (50), Жапония (53), Молдавия (55), Ресей (56), Польша (57) және Оңтүстік Корея (58). Беларусь 61-орында. Украина, тіпті алғашқы жүздікке де кірмеген, ол 123-орында.
Тізімді бірнеше жыл қатарынан Дания бастап тұр. Онымен бірге алғашқы ондыққа Швейцария, Исландия, Норвегия, Финляндия, Канада, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Австралия мен Швеция кірген. АҚШ – 13, Германия 16-орында. Мексика 21-орында, Ұлыбритания 23-орында, Франция 32-орында, Сауд Арабиясы – 34-орында.
Түркия 78-орында, Ливия 87-орында, Ирак 112-ші орында, Мысыр 120-орында, Йемен 147-орында, Ауғанстан 154-орында. Эболадан зардап шеккен Либерия мен Гвинея 150 және 151-ші орындарда.
Ең «бақытсыз» елдер қатарында Шығыс Африка мемлекеті Бурунди (соңғы 157-орын), Ауғанстан (154-ші), Батыс Африка (155-ші) және Сирия (156-шы).
Баяндама авторлары әр елде 3 мыңдай тұрғын арасында сауалнама жүргізген. Зерттеушілер сауалнамаларға қатысушылардан 10 баллдық шкаламен өз өмірлерін бірнеше параметр бойынша бағалауды сұраған.