Кока-коланың үй тұрмысындағы 25 түрлі ерекшелігі
2016 ж. 06 ақпан
11722
2
Кока-кола сусынының басты міндеті адам шөлін қандырып, асқазандағы тамақты сіңіруге көмектеседі. Алайда оның тұрмыстық қажеттіліктерге жарайтын тағы бір қыры бар. Ол көптеген күнделікті тіршілікте кездесетін мәселелерді шешуге қабілетті. Олай болса сіздерге кока-коланың үй тұрмысында қолдануға болатын бірнеше ерекшеліктерін атап көрсетейік.
- Дәретхана тазалығында таптырмайтын құрал
Барлығымыз да дәретхана тазалауға тым құштар емеспіз. Ал осы қызметті таза әрі тез жасағыңыз келсе бір құты кока-кола сусыны мен әжетқана тазалайтын үскі (щетка) болса жетеді. Сусын құрамындағы сода мен кислота дәретхана ернеуіндегі қатып қалған қақты дереу кетіреді.
- Бақша тазалығы
Индияның кейбір фермерлері кока-коланы бау-бақшадағы зиянды жәндіктерді жою үшін қолданады. Бұндай бақша тазалығы барысында әуелі зиянкестердің көзі жойылса, екіншіден арзанға түседі. Кока-коланың құрамындағы тәтті қызыл құмырысқалардың көбейіп, бақшаға зиянкестердің жойылуына көмектеседі.
- Тазалық ұнтағы
Түрлі тұрмыстық техникаларды тазалау үшін қымбат тазалық ұнтақтарын, тазалаушы ертінділерді сатып алудың керегі жоқ. Әсіресе кіржуғыш машиналарды тазаларда кір жуатын ұнтақпен қоса кока-коланың біразын қосып құйсаңыз жеткілікті. Сусын құрамындағы ортофосфор мен көмірқышқылдың арқасында құрылғыға жұққан қақтар оңай ыдырайды да, құрылғы тап-таза күйіне келеді.
- Түрлі шыбын-шіркейден құтылу
Егер түрлі жәндіктер тыныш демалғыңыз келген сәттеріңізге кедергі келтірсе олардан құтылу оңай. Ол үшін бір-екі құты кока-кола сусыны жеткілікті. Сусынның тығынын ашып, ашық терезе алдына қойып қойсаңыз болғаны, сізге тыныштық бермеген «шақырусыз қонақтарыңыз» сол маңайдан алыстап кете алмай жүре береді.
- Тоттан құтылу
Әсіресе темір бұйымдарды тез тот басады. Ал бұл өз кезегінде бұйымның тез тозып, істен шығуына әкеп соқтырады. Кейде тот басып қалған бинттер шешілмей әуіреге салатыны бар. Осындайда бір құты кока-кола сусынының берер көмегі зор. Бұйымды кока-кола сусынымен жуып, не сусын сіңірілген матамен сүртсеңіз жетіп жатыр. Қалған шаруа сусын құрамындағы фосфор қышқылының жұмысы.
- Аурудың алдын алады
Егер теңіз жағасындағы жайлы демалысыңыздың шырқын бұзып, әлдекімді медуза шағып алған болса, еш абыржымаңыз. Медуза шаққан жерге кока-кола сусыны сіңірілген матаны 30 секунд басып ұстап тұрсаңыз болғаны. Ауруды болдырмайды. Жағажайда арнайы дәріден гөрі кока-кола тезірек табылатыны айтпаса да түсінікті.
- Ыдыс-аяқ тазалайтын ертінді
Жасаған тамағыңыздың түбі күйіп кетіп, қазаныңыздың түбі қап-қара қаспақ болып қалса, ішіне кока-кола құйып, үш-төрт минут қоя тұрыңыз. Шамалыдан соң қазан түбіндегі жұғындыдан оңай құтыласыз.
- Сағызбен күрес
Абайсызда шашыңызға сағыз жабысып қалды ма? Мұндайда көбінде шашты қиып тастағаннан басқа амал жоқ. Енді бұдан былай шашыңызды қиып әуіре болмайсыз. Себебі сағыз жабысқан шашыңызды кока-колаға малып екі-үш минут шыдасаңыз болғаны. Шашыңыздағы сағыз сусын құрамындағы күшті ертінділердің арқасында ыдырап кетеді. Айтпақшы мұны киіміңізге жабысқан сағыздан құтылу үшін де жасауыңызға болады.
- Жүрек айнуын басу
Жүрегіңіз айныған сәтте кока-кола сусынын аз-аздан жұтып, ішу керек. Ол зімбір тұнбасы секілді кеудені толтырған жағымсыз газдың тезірек шығуына көмектеседі
- Гүлге арналған тыңайтқыш
Өз бөлмеңізде өсіретін азалия мен гардения гүлдері кока-коламен суарғаныңыз үшін тек қана алғыс айтады. Себебі сусын құрамындағы түрлі тәттілер гүлтүбектегі топырақты жақсы тотықтандырады.
- Қан дағы
Кока-кола киімге жұққан қан дағын оңай кетіреді. Сонымен қатар жиһаздардағы, кілемдердегі, қабырғалар мен есіктердегі жұққан дақтарды кетіруге ерекше көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда нағыз әмбебеп ертінді.
- Кока-кола бәліші
Бәліш пісіруді қолға алдыңыз ба, ендеше бір-екі қасық кока-кола сусынын қосуды ұмытпаңыз. Бәлішіңіз жұмсақ әрі дәмді болатынына сенімді болыңыз.
- Мыс бұйымдарды тазалау
Кока-кола сусыны ата-бабаларыңыздан бері келе жатқан мыс бұйымдарды өте жақсы тазарта алады.
- Қырауға көмілген көлік
Қыста машинаңыздың әйнектері қырауланып қалмас үшін оны кока-коламен жуып қойсаңыз болды.
- Ескірген суреттер
Түрлі-түсті суреттердің түрін ескі сурет секілді жасау үшін бірнеше секунд кока-кола сусынына салып қосаңыз жеткілікті. Шамалыдан соң кептіріп, бірнеше ғасырдың алдындағы кейпіңізді көре аласыз.
- Қанық түсті шаш
Бояған шашыңыз өз көңіліңізден шықпай, шашыңыздың түсі солғын болып қалды ма? Ендеше қапаланбаңыз, сізге каока-кола көмектеседі. Бірнеше құты сусынмен шашыңызды жақсылап жусаңыз жетіп жатыр. Бұрымыңыз бұрын-соңды болмаған жылтырлыққа ие болады.
- Тап-таза терезе
Кока-кола – терезе тазалау үшін лимон қышқылы қосылған ең арзан ертінді. Әуелі кока-коланы жақсы матаға сіңіріп алыңыз да, терезелерді жақсылап сүртіп шығыңыз. Артынан таза сумен жуа саласыз. Сіздің терезеңізден таза терезе болмайды.
- Маркерден қалған дақ
Киімге, кілемге тиген маркер іздерін кетіру үшін тура сол жерді кока-колаға малып бірнеше секунд қойып қойсаңыз болғаны. Шамалыдан соң жәй сумен сабындап жуа саласыз.
- Ішіңіз ауырса
Кока-кола көптеген іш ауыруларынан құтқаратын бірден бір ертінді. Мысалы іштің қыжылдауы. Ол үшін әр сағат сайын бір шәйқасық газсыз кока-кола ішу керек. Тіпті сусынның газы шығып үлгеруін күтуге шамаңыз жетпесе сусынға бір шәйқасық қант қосып араластырып ішуге болады. (медициналық дәлелденбеген)
- Керемет монеталар
Егер қолыңызға ғайыптан тайып ежелгі тиындар тие қалса оларды тазалау үшін кока-коланың көмегіне жүгініңіз. Оларды сусынға малып, біршама уақытқа қалдырыңыз, тиындарыңыз бүгін жасалғандай жарқырайды.
- Иістерден құтылу
Жағар-жанармай саласында қызмет ететін адамдардың киімінен оның иісін кетіру өте қиын. Мұндайда тағыда сол кока-кола сусынына жүгінуге болады. Ол үшін киімдерді жуарда кіржуғыш машинаға бір құты кока-кола сусынын құйып жіберсеңіз болғаны. Бұл ең оңай, әрі ең арзан әдіс.
- Мистер пропер – кока-кола
Еден ас үйде ме, дәретханада ма ол маңызды емес. Маңыздысы – кока-кола еденді адам танымастай етіп тазалайтынында. Ол үшін еден жуу үшін дайындаған суыңызға бір құтыға таяу кока-кола араластырсаңыз жеткілікті.
- Жылтырату
Ескірген никел бұйымдар алюмени фольга мен кока-коланың арқасында сужаңа күйіне қайта келеді. Ол үшін кока-коланы құя отырып, фольгамен сүртсеңіз болды.
- Бұйра шаштар
Шашыңыздың бұйралығын ұзағырақ сақтағыңыз келсе кока-коламен бірнеше рет жусаңыз жетіп жатыр.
- Дәмдендіргіш
Көптеген бас аспаздар мен кондитерлердің ас мәзіріндегі басты дәмдеуіш ретінде кока-коланы ұсынғанын байқаймыз. Олар шоколад қосылған бәліштен бастап, қуырылған тауық етіне дейін кока-коланың тәбет ашар дәмінен бас тартпайды.
qazaquni.kz
Дерек көзі: novate.ru