Джордж Буш ең әдемі шұлықтар байқауында төрелік етеді
2014 ж. 27 маусым
1496
0
АҚШ-тың бұрынғы президенті өзінің ерлер гардеробына деген ерекше ықыласымен бұрыннан танымал. Сол себепті онлайн түрінде басталған дода саясаткердің өзінің 90-жылдық мерейтойына өзі жасаған сыйы деуге болды.
Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, байқауды Джордж Буштың кітапханасы және мұражайы ұйымдастырды. АҚШ-тың 41-президенті үшін шұлықтардың дизайнын Happy Birthday 41 сайтында рафикалық редактордың көмегімен жасап шығуға болады.
Байқау 31 тамызға дейін жалғасады. Байқау қорытындысы бойынша мерейтой иесі жеңімпазды таңдайды, содан соң үздік шұлық Буш мұражайына экспонат ретінде сақталады.
Айта кетейік, Буштың бұқара алдына түрлі-түсті, өрнекті, ерекше шұлықтар киіп шыққан кездері аз емес. Оның ұлы Джеб Буштың айтуынша, әкесі осы күнге дейін 500 шұлықтан коллекция жинаған екен.